astana-view

«Fit for partnership with Germany» бағдарламасының түлектері жұмыс қорытындысын талқылады

2022 жылғы 14 Қараша
6834 просмотров

Германия және Қазақстан мамандары кеңейтілген zoom-конференция барысында «Fit for Partnership with Germany» (Германия) бағдарламасы және «Іскерлік байланыс» құралын іске асырылуын қорытындылады.

 Шараға «Fit for partnership with Germany» бағдарламасының 120-дан астам түлегі және Қазақстан мен Германия елдерінің агробизнесіндегі заманауи үрдістерін бөліскен 23 отандық және шетелдік спикер қатысты.

Шараға қатысушылар туризм индустриясы, сән индустриясы және бизнестің басқа да сегменттері мысалында бизнес-модельдер құру және брендті басқару саласында компанияны цифрландыру мен жаңғыртудың тиімді әдістерін таныстырды. Сонымен қатар сарапшылар халықаралық компаниялармен байланыс орнату және іздеуде тәжірибесін ортаға салды,  бизнесті автоматтандыру және кәсіби онлайн-алаңдар арқылы бизнес-процестерді ілгерілету құралдарын пайдаланудың тиімділік әдістерін қарастырды.

 Кездесуде Германия Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігінің менеджерлерді даярлаудың халықаралық бағдарламасының өкілі Моника Штинекер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлиұлы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары Салтанат Аханова сөз сөйледі.

 Еске салсақ, «Fit for Partnership with Germany» (Германия) бағдарламасы және «Іскерлік байланыс» құралы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы (Қазақстан) шеңберінде өтеді. Екі елдің іскерлік байланысын нығайтуға арналған конференцияны Германияның Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер