Ұлттық палатада сертификаттарды электрон-цифрлық формада шығару мүмкіндіктері талқыланды
«Атамекен» ҰКП мамандары Халықаралық сауда палатасының сарапшалырмен бірлесіп, сертификаттарды электрон-цифрлық формада шығару мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық сауда палатасының сарапшылары Ready4Trade-Central Asia жобасы аясында елордаға келіп, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандарымен кездесті. Бұл жоба халықаралық саудадағы рәсімдерді жеңілдету және Орта Азиядағы бизнесті дамытуды ынталандыруға бағытталған.
Сауда-саттық процедураларын оңтайландыруға қатысты ұсынылған реформалар шеңберіндегі бастамаларды бірі – Халықаралық сауда палатасымен бірлесіп, тауардың шығу түбін растайтын сертификаттардың электрон айналымын енгізу.
Сондай-ақ, мамандар сертификаттарды беру бойынша тәжірибе алмасып, экспортқа тауардың шығу түбін растайтын преференицялық емес сертификаттарды беру процедураларын толығымен цифрлық форматқа ауыстыру мүмкіндіктерін қарастырды.
«Преференциялық емес сертификаттар негізінен Қытай, Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау кезінде рәсімделеді. Электрон форматына ауысу қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, экспорттаушылардың уақытын үнемдеуге көмектеседі. Халықаралық келісімдер шеңберінде берілетін преференциялық сертификаттарға келетін болсақ, оларды электрон сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Ұлттық палата сарапшылары.
Сонымен қатар кездесуге отандық өндірушілер, соның ішінде ұн мен макарон өнімдерін экспорттаушылар шақырылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: