astana-view

«Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауында кәсіпорындарға дауыс беру 20 қарашаға дейін жалғасады

2022 жылғы 16 Қараша
7977 просмотров

«Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беру байқауы аясында үздік экспорттаушы кәсіпорнына дауыс беру жалғасып жатыр.

2022 жылдың 20 қарашасына дейін дауыс беру үшін мына   formdesigner.ru/form/190143-golosovanie_uly_dala_eli сілтемеге өту керек (бір IP-мекенжайдан бір рет дауыс беруге болады). Осы кезеңде еліміздің әр азаматы үздік кәсіпорынды таңдау процесіне ықпал етіп, үміткерлер арасында үздік кандидаттарға дауыс бере алады.

 Байқаудың мақсаты – тауарларды экспортқа шығарған отандық компанияларды ынталандыру және «Ұлы дала елі» ортақ брендімен жоғары сапалы өнімдерді таныту. Ортақ бренд Қазақстанның халықаралық нарықтарға шыққан үздік компанияларына табысталады.

Жалпыұлттық дауыс беруге 7 компания ұсынылды. Бұл компаниялар қызметті талдау және қолданыстағы өндірісті зерттеу нәтижелері бойынша 14 қатысушының ішінен іріктелген. Атап айтқанда: 

«Meat Processing and service» ЖШС (Алматы облысы), өндірілетін өнім: сиыр еті, қой еті;

«Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС (Атырау облысы), өндірілетін өнім: полиэфир, полипропиленді жіптен жасалған жабын, ПВХ жабыны;

«ТекТау» ЖШС (Жетісу облысы), өндірілетін өнім: бал;

«Сартаев» жеке кәсіпкерлігі (Батыс Қазақстан облысы), өндірілетін өнім: тұщы су шаяндары;

«Maker» ЖШС (Қарағанды облысы), өндірілетін өнім: металл конструкциялары, түрлі жабдықтар және қосалқы бөлшектер;

«МедиДез ҮЕҰ» ЖШС (Қостанай облысы), өндірілетін өнім: концентраттар, тазалау және дезинфекциялауға арналған ерітінділер; тері антисептиктері; антисептикалық әсері бар сұйық сабындар; тұрмыстық химия;

«Асыл Дән LTD» ЖШС (Қызылорда облысы), өндірілетін өнім: күріш және күріштен жасалған өнімдер.

Дауыс беру нәтижесі 2020 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсіміде жарияланады. Байқау лауреаттарына «Ұлты дала елі» ортақ брендінің белгісі және ортақ брендті жарнама мақсатында 5 жылдық мерзімге қолдануға мүмкіндік беретін диплом табысталады.

 Отандық тауар өндірушілерді қолдайық! Үздіктерді таңдайық!

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер