astana-view

Депутаттар газды шырақта жағу үшін айыппұл мөлшерін есептеуде дискриминациялық әдісті қайтаруды көздейді – Ұлттық палата

2022 жылғы 18 Қараша
7731 просмотров

Мәжіліс депутаттары мұнайлы газ шырақтарға ең жақсы қолжетімді техниканы (ҚДТ) пайдалануға не пайдаланбауға байланысты мұнай-газ компаниялары үшін бұрын қолданылған дискриминациялық тәсілге қайта оралуды ұсынды.

Мәселе 2020 жылы Мемлекет басшысының деңгейінде көтерілді.  Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы шеңберінде Үкіметке дискриминациялық тәсілді жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Тапсырманы орындау мақсатында 2021 жылғы 2 шілдеде Әкімшілік құқы бұзу кодексіне өзгерістер енгізілді. Оонда мұнай-газ компанияларына қатысты эмиссиялар нормативтерін асырғаны үшін айыппұл мөлшері басқа табиғат пайдаланушылар үшін айыппұлдар мөлшеріне теңестірілді. Биыл депутаттар мәселені талқылауға қайта оралды. «Атамекен» ҰКП бұл түзетуге қарсы болды.

 Ең жақсы қолжетімді техниканы енгізу бойныша талап 2025 жылдан бастап міндетті саналатын кешенді экологиялық рұқсаттарды алудың шарты. Бұл ретте кәсіпорындар экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына сәйкес 10 жыл бойы ең жақсы қолжетімді техниканы енгізуге құқылы.

Қолданыстағы заңнамада ең жақсы қолжетімді техниканы енгізуге және теріс әсерді азайтуға жеткілікті ынталандыру шаралары бар. Мысалы, Әкімшілік құқы бұзу кодексінде бастапқы бұзушылық үшін айыппұл мөлшері 1.000%-дан 10.000%-ға дейін және қайталап бұзғаны үшін 20.000%-ға дейін ұлғайтылды. Ал Салық кодексінде мұндай компанияларға қатысты қолжетімді техниканы енгізуден бас тартқан кезде эмиссиялар үшін ставкалар 2028 жылдан бастап 2,4 және 8 есе арттырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер