Орынборда Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің VII отырысы өтті
«Тиімді іскерлік серіктестік: инфрақұрылымдық алшақтықты қалай жоюға болады» тақырыбында Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің VII отырысы Орынбор қаласында өтті. Қазақстан мен Ресейдің сауда-өнеркәсіп палаталары, бизнес және мемлекеттік органдарының 100-ден астам өкілі елдер арасындағы іскерлік ынтымақтастықтың әлеуетін талқылады.
Отырыс аясындағы ойталқы елдер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру аспектілерін ашуға бағытталған «өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту» тақырыбына арналды.
Жиында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов екі едің экономикасы саяси және экономикалық турбуленттілікте тұрғанын, оның салдары екі елдің іскерлік белсенділігіне ғана емес, сондай-ақ қалыптасқан сауда жеткізу тізбегіне теріс әсер ететінін айтып, едер арасындағы іскерлік қарып-қатынасты қайта форматтау керегін алға тартты.
«Іскерлік байланысымыздың әлеуетін өңірлік және шекара маңы ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ Азия мен Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, неғұрлым белсенді және икемді сауда саясатын жүргізуге шоғырландыру орынды деп санаймыз. Бұл ретте Қазақстан буферлік нарықтың тиімді рөлін атқара алар еді», – деп атап өтті Тимур Жаркенов.
Жиын барысында қатысушылар ресейлік және қазақстандық тараптан түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін соңғы әзірлемелерді бөлісті, халықаралық шектеу, экспорт жағдайында шекара маңы ынтымақтастығын дамыту, Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені, кооперациялық байланыстарды дамыту сондай-ақ Horeca саласын дамыту үшін IT-бизнес және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Жиын аяғында «Кедентранссервис» АҚ мен «Жібек жолы логистика» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
Шараны РФ сауда-өнеркәчіп палатасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: