astana-view

Жер салығы бойынша парадокс: мәселе Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында шешілді

2022 жылғы 14 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6584 просмотров

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында елді мекендердің аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салық салуға байланысты проблемалық ахуал талқыланды.

Мемлекеттік кірістер департаменті бұл учаскелер басқа мөлшерлемелер бойынша төленуі керек деп санайды. Облыс аумағында мұндай учаскелер Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында, Меңдіқара, Алтынсарин, Майлин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Федоров аудандарында орнатылған. Олардың ауданы шамамен 25 мың гектарды құрайды.

Кеңес барысында Салық кодексінің 505-бабына сәйкес елді мекенде салықты есептеу шаршы метрге негізделіп жүргізілетіні, бұл ретте кодекстің 503-бабынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін салық төлеу гектарына есептелетіні атап өтілді. Салық кодексінің 505-бабы бойынша елді мекендердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне салынатын салықтар есептелген жағдайда төлем ондаған есе өседі, осыған байланысты кәсіпкерлер наразылық білдіреді.

Мемлекеттік кірістер департаменті қолданыстағы Салық кодексін басшылыққа ала отырып, елді мекендердің аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлері бүгінгі күнге дейін болған басқа мөлшерлемемен төленуі керек деп санайды. Топырақ бонитетін ескере отырып,  салық гектарға емес, егістік немесе жайылымның шаршы метріне төленуі керек. Норматив бойынша метріне 6,27 теңге. Бұл салық сомасын ондаған есе арттырады. Бұл мәселе мемлекет үшін де, фермерлер үшін де өзекті. Бірінші жағдайда – бюджетті толықтыру, екінші жағдайда - салық жүктемесін ұлғайту, - деп түсіндірді Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы Владимир Шакун.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұстанымын ведомство басшысының орынбасары-Дамир Насыров айтты.


Атап айтқанда, ол жер қатынастары бөлімдері жасаған шарттарды тексеру кезінде маусым айында учаскелерге салық салу бойынша бұзушылықтар анықталғанын атап өтті. Облыс бойынша мұндай  барлығы 174 учаске анықталды, оның ішінде 40 шаруашылық субъектісі бойынша 89 учаске алып тастауға немесе базалық мөлшерлемелер бойынша есептеуге жатады. Уәкілетті орган сомаларды қайта есептеп, шарттарды қайта жасасуға тиіс. 2018 жылы, Салық кодексі енгізілген кезде, бұл жұмысты жер қатынастары бөлімдері жүргізуі керек еді. Алайда, олар жұмысты ескі стандарттар бойынша жалғастырған.


Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бөлім басшысының м. а. Сәуле Мадееваның айтуынша, 2019 жылға дейін шарттар жасалып, онда жер салығы мөлшерінде жер үшін төлем пункті белгіленіп, оларды жер пайдаланушылар дербес есептеген. Үлгілік шарт 2019 жылы бекітілді, бірақ елді мекендер шегіне жеткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен шарттардың негізгі бөлігі бұрын жасалған болатын. Шарттарды сәйкестендіру қажет.


Кеңес мүшелерінің пікірінше, жағдайды шешудің бір нұсқасы-Салық кодексіне өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді, оның ішінде елді мекен шегінде фермерлік және шаруа қожалығын жүргізу үшін көрсету және жеке норматив белгілеу.


Заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашы болу керек, тек осылай ғана нәтижеге қол жеткіземіз. Сонымен бұл мәселеге нүкте қойылады. Біз мемлекеттік органның да, бизнестің де мүдделерін қорғаймыз, - деп түсіндірді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Татьяна Соболева.


Владимир Шакунның айтуынша, елді мекендердің аумақтарындағы ауылшаруашылық жерлері туралы мәселенің көтерілгеніне бірінші жыл емес. Ол Президенттің барлық жерлерге ревизия жүргізуді, мемлекеттік қорға пайдаланылмаған жерлерді қайтаруды және ауыл тұрғындары үшін жайылым мәселесін шешуді талап еткенін ерекше атап өтті. Екінші жағынан, Үкімет бизнесті дамытуға кедергілерді анықтау үшін заңнамаға ревизия жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер