astana-view

Сот жүйесін одан әрі реформалау мәселелері талқыланды

2022 жылғы 20 Желтоқсан
5203 просмотров

Бүгін Жоғарғы Соттың бастамасымен жаңадан тағайындалған төраға Асламбек Мерғалиев және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың кездесуі өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауындағы құқық үстемдігін және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасы егжей-тегжей талқыланды.

Қоғамда сот және сот жүйесі туралы әңгімелер қашанда пікірталас тудыратын тақырыптар. Бұл сұрақтарды талқылауға судьялар мен заңгерлер ғана емес, сонымен қатар қазақстандық қоғам өкілдері де қатысады.

Сот жүйесі қоғамның заманауи талаптары мен мүддесін ескере отырып, сапалы қайта қарау және жаңартуды қажет етеді. Бұл кәсіпкерлердің негізгі сұраныстарының бірі.

Бизнес-қоғамдастықтың мүддесін сақтау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының ұсыныстары соттың жоғары сатысы басшылығының назарына жеткізілді.

 Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында облыстық сот төрағалары мен алқалары лауазымдарына үміткерлерді іріктеу кезіндегі сайлау механизмдері және сот төрағалары лауазымын судьялық лауазымдарға ауыстыру туралы айтылды.

Жаппай кассацияны қайтару мәселесіне қатысты Жоғарғы Соттың штатын кеңейту немесе бөлек штат құру нұсқалары ұсынылды.

Кәсіпкерлер келіп түскен барлық өтініш жеке-дара емес, кассациялық алқалардың отырыстарында қаралуы тиіс деген пікірді қолдайды. Бұл мәселе маңызды әрі шұғыл шешуді қажет етеді.

Судьялардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыра отырып, оларды күштік органдардың араласуынан қорғай отырып, судьялардың жауапкершілігін ұмытпаған жөн. Бұл түсінікті механизмді әзірлеуді талап етеді.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сот практикасын талдау барысында сот төрелігін іске асыру кезіндегі проблемаларды және мемлекеттік органдар тарапынан туындайтын мәселелерді бірлесіп айқындауға қатысты Жоғарғы Соттың бастамаларын қолдайды.

Жиында нормативтік қаулылардың жобаларын әзірлеуге қатысу және әділетті мемлекет құруға бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлей отырып, Жоғарғы Сот алаңында тоқсан сайын жүргізілетін жұмыстың нәтижесін талқылау туралы шешім қабылданды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер