Ұлттық палатада Тыва Республикасымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды
Ұлттық палата алаңында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы өкілдері бүгін Тыва Республикасының делегациясымен кездесті.
Жиын аясында тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-білім беру және өндірістік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, көлік шектеуінің жаңа халықаралық конъюнктурасына байланысты туризм саласындағы өзара іс-қимыл мәселесі баса назарға алынды.
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасынң орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, Қазақстан тиімді ынтымақтастықты орнатуға мүдделі.
«Тыва кәсіпкерлері сұрақтар туындаған жағдайда қажетті түсініктемелер алу үшін Қазақстанның Ұлттық палатасына жүгіне алады. Менің ойымша, өзара әрекеттесу неғұрлым тығыз болса, ынтымақтастық соғұрлым тиімді болады», – деді спикер.
Тыва Республикасы делегациясының басшысы Херел Бадарчи 2021 жылдың қорытындысы бойынша РФ Федералдық кеден қызметінің деректеріне сәйкес Тыва Республикасының экспорттық көлемінің 190 млн доллары ішінен 90 млн доллардан астам өнім Қазақстанға экспортталғанын айтты.
Кездесу нәтижесінде ҚР Сыртқы сауда палатасы және Тыва Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері екі тараптың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: