astana-view

Вице-премьерге «таза парақтан» реттеуді енгізуге қатысты есеп берілді

2022 жылғы 23 Желтоқсан
10369 просмотров

Бүгін Астанада кәсіпкерлік салада «таза парақтан» реттеуді енгізу және бизнес субъектілерін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселелеріне қатысты жиын өтті. ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстанның ұлттық экономика, қаржы, әділет, ішкі істер министрлігі, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жиын барысында премьер-министрдің орынбасарына кәсіпкерлік қызметтің 44 саласы ішінен 28 салада талдау аяқталғаны туралы баяндалды. Реттеушілік актілерді талдау қорытындысы бойынша 28 салада 88 мыңнан астам талап анықталды, оның 8,5 мыңнан астамы (9,7%) жаңа реттеушілік саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді, жойылуға жатады немесе қайта қаралуы керек.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру қызметі, бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет, бас компаниялардың қызметі, басқару мәселелері бойынша кеңес беру салалалырндағы талдау аяқталуға жақын.

Бұл ретте тұжырымдамалық шешімді қажет ететін бірқатар мәселе бар. Олар бойынша Ерұлан Жамаубаев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық тараптың көңілінен шығатын шешім қабылдайтын жеке ведомствоаралық комиссия өткізуге уәде берді. Жоспар бойынша жиын 2023 жылдың қаңтарында өтеді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер