astana-view

Қарағанды облысында жергілікті қамту үлесі артуда

2022 жылғы 29 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
5777 просмотров

Бүгінгі таңда Қарағанды облысының 637 шағын және орта бизнес кәсіпорындары ірі компаниялардың өндірістік және тұтынушылық қажеттіліктеріне жұмыс істейді. Бұл кепілдендірілген өткізу нарығын алуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылы 100-ге жуық кәсіпорын облыстың өнеркәсіптік алпауыттарымен 44,3 млрд.теңгеге шарт жасасты.
Бұл жергілікті қамтуды бақылау және дамыту және отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру жөніндегі Комиссияның тиімді қызметінің нәтижесі. 
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы облыс әкімдігімен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен В2В кездесулер, Ашық есік күндері, отырыстар, өндірістік турлар өткізіледі. Жұмыс облыс әкімдігімен бірлесіп жүргізілуде. Ағымдағы жылы салалар бөлінісінде комиссияның 16 отырысы өткізілді, онда мемлекеттік мекемелерді, квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын Отандық тауар өндірушілерден тапсырыстарды орналастыру тұрғысында сатып алу жоспарлары қаралды.

"Комиссия отырыстарына Қарағанды облысының әкімі белсенді қатысады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жүйе құраушы кәсіпорындарын, сондай - ақ ERG компаниялар тобын және іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды сатып алудағы жергілікті қамту және оқшаулау туралы мәселелер тұрақты негізде қаралады", - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Ерлан Қалиев.

Өндірушілерді қолдау мақсатында комиссияда өзара тиімді ынтымақтастыққа оның қызметі кезеңінде ғана емес, құрылыс кезеңінде де жәрдемдесу жөніндегі ірі инвестициялық жобалар қаралады. Іске асырылатын жобалардың Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қажеттілігі қаралады және кейіннен жеткізу шарттарын жасасу үшін ОТП кәсіпорындарына жіберіледі.
Айта кету керек, "Атамекен" ҚР ҰКП-да мемлекеттік бағдарламалардың әкімшілері өңірлік палатамен келісім бойынша ай сайын отандық тауар өндірушілердің жергілікті қамтуын жалпы бақылау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептер ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер