astana-view

Қазақстанның кеденінде электрон кезек болуы қажет – Ұлттық палата

2023 жылғы 11 Қаңтар
6979 просмотров

Дереккөз: facebook.com

Қазақстанға автокөлік өтетін бекеттерде көлік құралдарының жиналуы жалғасып келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кеден орындарында жағдайды тұрақты түрде жүргізілетін тексерістен расталып отыр. Қазақстан – Қытай шекарасында экспорт пен импорттың тауары тиелген жүк көліктері, сондай-ақ ҚР аумағы арқылы өтетін көліктер көп жиналған.

Қазіргі таңда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-өзбек шекарасындағы «Б.Қонысбаев» атындағы және қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» мен «Алакөл»  өткізу пунктеріне пилоттық режимде электрон кезекті енгізіп жатыр. Электрон кезек жүйесі кеден бекеттері арқылы тауар тасымалдау процесін реттеуге және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Оның үстіне «Б.Қонысбаев», «Нұр Жолы» өткізу орындарында қолданылатын электронды кезектің техникалық ақаулары бар, тасымалдаушыларға теңдей жағдай қамтамасыз етілмейді, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға қатысты қатерлер туындайды, трансшекаралық тасымалдау саласында жаңадан шиеленіс туындауына ықпал етіп отыр.

«Атамекен» ҚКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркеновтің айтуынша, электронды кезек енгізілген соң кей өткізу орындарында ауызша кезек алу тәртібін қайтару мүмкін емес.

«Бүкіл әлем жеткізу тізбегін жаһандандыру жағдайында элекронды кезекті қарқынмен енгізіп келеді. Оны халықаралық стандарттарға сай дамыту жеткізудің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, жүк арасындағы артықшылықты «ақылмен» басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл тез бұзылатын азық-түлік, гуманитарлық көмек, төтенше жағдайдағы тасымалдауға қатысты», – дейді Т.Жәркенов.

Басқарма төрағасының орынбасары үздіксіз қызмет ететін электронды кезек жүйесі кеден бекеттерінде кезексіз өтіп кету айла-шарғысын азайтуға, сондай-ақ бизнесті адал жүргізуге, жүкті шынайы уақытта бақылауға және қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айталық, пилоттық жоба іске қосылғалы бері өткізу орындарында жүйені шамамен 45,5 қолданушы пайдаланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер