astana-view

Астанада мәдениет және спорт жөніндегі қосалқы комитеттің бірінші жиыны өтті

2023 жылғы 11 Қаңтар
5986 просмотров

Күн тәртібінде қосалқы комитет жұмысының мәселелері, Аrtsport мемлекеттік, шығармашылық және спорттық тапсырысын дамыту мәселелері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен өзара іс-қимыл және басқа да мәселелер қаралды.

Айта кетейік, мәдениет және спорт жөніндегі қосалқы комитет өткен жылдың желтоқсанында құрылған. Қосалқы комитет «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің жұмыс тобы қызметін атқарады.

Қосалқы комитет жұмысына мәдениет және спорт мәселелері бойынша сараптамалық бағалау, мәдениет пен спортты дамыту бағыттарына қатысты пікір білдіру, мәдениет және спорт саласындағы түйткілді мәселелерді талдау кіреді.

Қосалқы комитеттің төрағасы болып Еуразиялық ивент қауымдастығының төрайымы Сәуле Самидинқызы сайланды.  

Алғашқы отырыс қорытындысы бойынша жиындарды айына ең кемі бір рет өткізу туралы шешім қабылданды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер