astana-view

Ұлттық палатада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комитет құрылады

2023 жылғы 13 Қаңтар
6404 просмотров

Бұл бөлім «Атамекен» ҰКП Төралқасы жанындағы Адами капиталды дамыту және бизнестің әлеуметтік саясаты комитетінің жанынан құрылатын болады. Бұл туралы «Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік: тиімді қызмет үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел барысында комитет төрағасы Талғат Доскенов мәлімдеді. Қосалқы комитетті Әлеуметтік кәсіпкерлік саласында бес жылдық тәжірибесі бар Айгерім Жаналинова басқарады. Оның кандидатурасына Комитет мүшелерінің көпшілігі дауыс берді.

 Дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жеңілдікпен несие беру және айналым қаражатын толықтыру кезіндегі базалық мөлшерлеме бөлігінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Бұл шаралар Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін Тізілімге енгізу жөніндегі рәсімдерді цифрландыру және оңайлату бойынша жүргізіліп жатыр. Мемлекет сервистік, ақпараттық қолдау және оқыту сияқты қолдау құралдарын көрсетуді жалғастырады.

Шара барысында әлеуметтік кәсіпкер, әлеуметтік шеберхана жетекшісі Эмин Аскеров әлеуметтік кәсіпкерлер шеңберін кеңейту, оқыту, тәлімгерлік бойынша қызметтер көрсету, әлеуметтік кәсіпкерлер өндіретін тауарлар мен қызметтерді брендтеу, тиісінше оларды өткізу, әлеуметтік жобалар базасын құру және басқа да маңызды іс-шараларды іске асыру мақсатында мүшелер синергиясын біріктіру үшін құрылған Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығын таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар коммуникацияларды жолға қою, әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың барлық құралы бойынша нақты жаднамалар әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Қорытындылай келе, Айгерім Жаналинова жаңа құрылған қосалқы комитет базасында да, әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы шеңберінде де әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған және әлеуетті субъектілерінің қызметіндегі ұсыныстар, түйткілді мәселелерді қалыптастыру бойынша іс-шаралар жалғасатынын, дөңгелек үстелге қатысушылар айтқан жекелеген мәселелер бойынша жеке талқылау жүргізілетінін атап өтті.

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер