Ақпараттық хабарлама
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 266-бабы бойынша Шымкент кәсіпкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі Қаржы министрлігінде салық салу саласындағы мәселелерге қатысты жиын барысында талқыланды.
ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Бижановтың тапсырмасы бойынша айыппұлдарды заңсыз есептеудің әрбір фактісі бойынша қызметтік тергеу басталады. Ал әкімшілік істерді қозғау тергеу нәтижелерін алғанға дейін тоқтатылады.
Тергеу нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады.
Еске салсақ, Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер органдарының айыппұлдарды заңсыз есептеу мәселесі бұған дейін Ұлттық палатада көтерілген болатын.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: