Ұлттық палатада жұмыс тобы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын қарады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасына әзірленген реттеуші саясаттың консультативтік құжаты талқыланды. Бұл құжат Ашық НҚА порталында жарияланған:
Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының басымдығын белгілеу, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуларын бірыңғай платформаға ауыстыру және «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңды қабылдау қажеттілігіне ықпал ететін мынадай ұсыныстарды жариялады:
- сатып алу процесін заңға тәуелді деңгейде икемді реттеу есебінен сатып алу тиімділігін арттыру;
- шешімдерді жылдам қабылдау, сондай-ақ толық автоматтандыру есебінен сатып алу рәсімдерін оңайлату;
- жеткізушілердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту;
- адами факторды алып тастау есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту (конкурстық және аукциондық комиссиялар институтын алып тастау);
- мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектор, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуын біріктіретін «Электрон қаржы орталығы» АҚ базасында бірыңғай IT-платформаны енгізу;
- мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушінің біліктілігі, оның сенімділігі мен беделі және басқа да критерийлер негізінде өнім берушілердің тиісті рейтингін әзірлеу.
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында тапсырыс берушілерге «немесе баламасы (эквиваленті) деген сөздерді міндетті түрде толықтыра отырып, сатып алынатын тауарлардың фирмалық атауын көрсету құқығын беру жөніндегі қағидалар қарастыру;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында «Тұрақты мемлекеттік сатып алуды» енгізу жөніндегі ережені, яғни экологиялық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерді ескере отырып, сатып алуды жүзеге асыруды қарастыру.
Жұмыс тобы ұсыныстарды зерделеп, заң жобасы бойынша туындаған мәселелер тізімін жинап, оны Қаржы министрлігіне жіберу туралы шешім қабылдады.
Ұлтттық палата осы бағыттағы жұмысты тұрақты жүргізетін болады. Әр кәсіпкердің ұсынысы, талап-тілегі маңызды. Бизнес өкілдері ұсыныстарын мына поштаға: dzms@atameken.kz жолдай алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: