«Нұр Жолы» өткізу пунктінің электрон кезек жүйесіне өзгерістер енгізілді
Электрон кезек «E-border.kz» платформасынан Qoldau.kz («CarGoRuqsat» мобильді қосымшасы) платформасына ауысуына байланысты «Нұр Жолы» өткізу пунктінде автокөлік құралдарын өткізудің уақытша схемасы енгізілді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша «E-border.kz» алдыңғы ақпарат жүйесінде бұрын брондалған 19 мыңнан астам авто көлік кезегі туралы ақпарат «Qoldau.kz» жаңа жүйесіне енгізілді.
Осы жылдың 31 қаңтарынан 1 наурызына дейін «Qoldau.kz» платформасында «E-Border.kz» ескі кезектен 70 машина өтетін болады. «Тез бұзылатын тауарлар», экспорт немесе көлемді жүктер және басқа да категориялардан 30 машина. Ал осы жылдың 1 наурызынан бастап «E-Border.kz» ескі кезегінен 70-тен астам автокөлік, 30 көлік – кезектен тыс тәртіп бойынша, тағы 30 бірліктен астам машина – кезекті «CarGoRuqsat» жаңа сервисі арқылы брондаған көліктер өтеді.
Мұндай тәртіп «E-Border.kz» платформасындағы тіркелген көлік кезегі толығымен таусылғанша жүзеге асады.
Қағидаларға сәйкес көлікті «CarGoRuqsat» жаңа сервисінде тіркеу егер көлік еш платформада, соның ішінде «E-border.kz» тізімінде кезекте болмаған жағдайда іске асырылады.
Автомобиль өткізу пункттерінде көлік құралдарының тұрып қалу мәселесі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында бірнеше рет талқыланған болатын. Электрон кезектің заманауи, үздіксіз жұмыс істейтін жүйесі кезексіз жол жүру бойынша кеден бекеттеріндегі манипуляцияларды қысқартуға, кәсібін адал жүргізетін бизнестің жұмысына ықпал етуге, сондай-ақ нақты уақыт режимінде жүктерді бақылау мен қадағалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Маңызды:
Көлік құралы тізілімде көрсетілген күні келмеген жағдайда кезек алынып тасталады. Көлік жүргізушісі кезекті брондау процедурасын қайта өтуге мәжбүр болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: