astana-view

Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу заңына түзетулер түсіндірілді

2023 жылғы 31 Қаңтар
6394 просмотров

Дереккөз: gov.kz

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР жаңа заңына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын талқылауға қатысты жиын өтті. Талқылауға ҚР Қаржы министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық палатаның Құрылыс және ТКШ комитеті, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері, сондай-ақ түрлі қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында кәсіпкерлерге реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобасында баяндалған негізгі бағыттар түсіндірілді, сондай-ақ нарықтың  ұсыныстары тыңдалды.

Жиын қорытындысы бойынша талқылау барысында алынған ақпаратты ескере отырып, кәсіпкерлік субъектілері атынан Қаржы министрлігіне ескертулер мен ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды.

Еске салсақ, бұған дейін Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасына әзірленген реттеуші саясаттың консультативтік құжатын Ашық НҚА порталында жариялады. Жаңа құжатта мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін құру, сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының басымдығын белгілеу, мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуын бірыңғай платформаға ауыстыруға ықпал ететін ұсыныстар қамтылған.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер