astana-view

Алматыда Еуразиялық парламентаралық кеңестің мүшелері бизнес мәселелерін талқылады

2023 жылғы 03 Ақпан
5918 просмотров

Дереккөз: inbusiness.kz

Жиын барысында қазақстандық тараптың жобалар сапасын арттыруға қатысты ұсынысын  Еуразиялық үкіметаралық кеңес мақұлдады. Ереже бастама кезеңінде мемлекетаралық бағдарламалар жобаларын, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландыру мәселелерін пысықтау сапасын арттыруды көздейді.

Сонымен қатар үкіметаралық кеңес бүгін «Еуразиялық агроэкспресс» жобасы аясында Иран, Түрікменстан, БАӘ және Үндістан сияқты жаңа бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мүмкіндігін кеңейтті. «Атамекен» ҰКП мамандары жоба шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейтуді қолдамайды.

"Жоба барлық қатысушы үшін тиімді болуы керек.  Ал біздің бәсекелестеріміз үшін теміржолда жеңілдетілген тарифтер болса, онда қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушыларға жобаға қатысу оң нәтиже бермейді," - деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Жиын   барысында ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге қол жеткізу қағидалары да бекітілді. Бұл қағидалар электр қуатына қол жеткізудің негізгі қағидаттары мен тәртібін айқындайды, электр энергиясын сауда және сауда-саттықтан тыс мемлекетаралық беру келісімшарттарын жасау, орындау және тоқтату тәртібін регламенттейді.

Үкіметаралық кеңестің қатысушылары ЕЭК-пен бірлесіп тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын уақытша қолдану бөлігінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу мәселесін пысықтайтын болады. Бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаының тұрақтылығын арттыру бойынша әзірленген шаралардың бірі.

Бұдан басқа, кеңестің шешімдерімен тауарлардың шығу түбі туралы сертификаттарды ұсыну тәртібі жеңілдетіледі. Сыйақы төлемей кедендік әкелу бажын төлеу бойынша кейінге қалдыру  немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін қосымша негіздер айқындалады. Бұл шаралар фискалдық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Ал ауыл шаруашылығы өндірушілері мен металлургия кәсіпорындары үшін демпингке қарсы кейбір шаралар уақытша тоқтатылады.

Іс-шара шеңберінде ЕЭК-тің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 2022 жылға арналған макроэкономикалық жағдайының жай-күйі туралы талдамалық баяндамасы тыңдалды.

ЕЭК ақпараты бойынша, әлемдік сауданың өсу қарқынының 3,5-ға дейін баяулауы байқалады. Бұл өткен жылғы өсімнен 9,8%-ға төмен. Тікелей шетелдік инвестициялардың трансшекаралық ағындары 10%-ға дейін қысқарады деп күтілуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ 2022 жылдың тоғыз айында 1,5%-ға қысқарды.

Еске салсақ,, Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы өтіп жатыр. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше барлық бес ел – Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей министрлер кабинеттерінің басшылары қатысып жатыр.

Анықтама:

«Еуразиялық агроэкспресс» бірлескен жобасы (ЕҮАК 25.02.2022 ж. № 3 өкімімен бекітілген) интеграциялық жоба саналады  және мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктері, сондай-ақ азиялық және еуропалық бағыттардағы экспорттық жеткізілімдерді тұрақты өзара жеткізуді дамытуға бағытталған.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер