astana-view

«Атамекен» ҰКП жанынан Сауда жөнінде салалық сараптамалық топ құрылды

2023 жылғы 06 Ақпан
7273 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан сауда жөнінде салалық сараптамалық топ құрылды. Топтың негізгі міндеттері – сауданы дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеу, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимылда әзірленген бастамаларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

 Бұл топқа сауда саласындағы бизнес иелері, сондай-ақ сауда-саттықтың барлық секторы, соның ішінде е-коммерс, базарлар, шағын форматтағы дүкендер, бөлшек сауда, девелопмент, көтерме-бөлшек сауда орталықтарын барынша қамти отырып, салалық бірлестіктердің басшылары мен өкілдері кірді. Сараптамалық топқа «ҚР-дағы өңірлік сауда жылжымайтын мүлік иелерінің қауымдастығы» ЖК және ЗТБ басқарма төрағасы Руслан Шаекин жетекші болды.

 «Әркім өз саласында лидер. Оның тәжірибесі, біліктілігі бар. Біз осы мамандарды сараптамалық топқа жұмыдыруға тырысамыз», – деді Руслан Шаекин сараптамалық топтың бірінші отырысында.

 «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов шағын және ірі бизнес субъектілері, жеткізушілер мен сатушардың мүддесінің теңгерімін табу, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдармен үйлесімді ынтымақтастық орната отырып, сауданың барлық сегментін дамыту бойынша кешенді тәсілге баса назар аудару маңызды екенін айтып, сараптамалық топтың міндеттерін атап өтті.

 «ҰКП трансформация шеңберінще біз өз-өзімізге көмектесі қағидаты бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біздің маңызды міндетіміз. Сондай-ақ, сараптамалық топтың сауда саясаты бөлігіндегі міндетіне өзіне көмектсу және жауапты мемлекеттік органдарға, әкімдерге сауданы дамытуға серпін беретін түрлі деңгейдегі шаралар кешенін әзірлеуге жәрдемдесу кіреді», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Жалпы салалық сараптамалық топтың жұмысы екі бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады. Біріншісі – жедел мәселелерді шешу, яғни жылдам шешуді қажет ететін «өзекті мәселелер». Екінші бағыт, тұтастай алғанда саланы дамыту стратегиясын әзірлеу. Бұл келешекте мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланатын тұжырымдамалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу.

Айта кетейік, бүгінде сауда саласы елдің ЖІӨ-нің шамамен 17-18%-ын құрайды және 1,5 млн астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бұған қоса жиында көлеңкелі айналымның сақталып отырған деңгейі, мемлекеттің тауарларды таңбалау және баға белгілеуді реттеу жөніндегі саясаты, сауда министрлігі бастамашылық ететін салық салу мәселелері, сауда субъектілері үшін ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі инновациялар, сондай-ақ бөлшек саудагерлердің жеткізушілермен өзара іс-қимылы, отандық тауар өндірушілерді дамыту және ілгерілету, сауданың қазіргі заманғы форматтарының үлесін ұлғайту сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

 Бұл шешімін табу қажет мәселлердің бір парасы ғана. Осы жұмысқа белсенді қатысып жатқан компанияар мен қауымдастықтар «ортақ іске жеке ресурстарын қосуға» дайын екенін білдірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер