Сауда министрлігі ақпараттық жүйені ілгерілетуде бизнес позициясын ескермеді
Сауда министрлігі бизнес-қоғамдастығының теріс пікіріне қарамастан, елдегі сауда қызметін реттейтін ақпараттық жүйені енгізіп жатыр.
Министрлік ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын ашық талқылауды аяқтады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14373456#1). Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 7-бабының 15-9) тармақшасына сәйкес әзірленіп, Қазақстанның ақпараттық жүйесінде қалыптастыру, жүргізу, пайдалану және тіркеу тәртібін айқындайды.
«Атамекен» ҰКП сарапшылары ақпараттық жүйені талқылау сатысында-ақ Парламентте бизнестің жүйені енгізуге қатысты қарсы позициясын білдіріп, сондай-ақ осы құралды енгізуге теріс қорытынды берген. Бірақ осыған қарамастан, ведомство ақпараттық жүйені енгізуді жалғастырып жатыр.
«Бір жағынан бұл бастама дұрыс, өйткен іжыл басынан сауда туралы заңда ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларын бекітуге құзырет көзделген, ал талаптар сауда орындарын жалға беретін субъектілер үшін белгіленген. Іс жүзінде субъектілер шеңбері кеңейтілді, атап айтқанда сауда қызметінің субъектілері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізушілер енгізілді. Жеткізушілерге қатыст ақпараттық жүйемен жұмыс істеу бойынша талаптар қойылды», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП Сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаев.
Спикер бизнеске сауда министрлігі қатысушылардың міндетті шеңберін оларға тиісті талаптарды бекіте отырып кеңейтуді не үшін бастайтыны белгісіз екенін айтты.
Бұдан бөлек, бұл платформаның орындылығы, оған қандай құралдардан қызмет көрсетілетіні және ақпараттық жүйенің операторы кім болатыны туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.
«Министрлік осы мәселеге қатысты бизнеспен ешқандай жиындар, талқылау өткізбеді. Шенеуніктердің мұндай бастамалары олар бизнестің әлеуметтік саласының мүддесімен – бірқатар экономикалық көрсеткіштер бойынша жетекші сауда-саттықпен салыстырылады. Салада 1,5 млн адам және 551 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді», – деп атап өтті Әсет Айтбаев.
Сарапшы бизнес-қоғамдастық «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты тиімді қолданыла бастайды деп үміттенетінін, ал Ұлттық экономика министрлігі реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық жүйеде тіркеу қағидаларының жобасын қарау кезінде белсенді позицияны ұстанатынын атап өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: