astana-view

Тасымалдаушылар қажетті қолдау бағдарламалары туралы мәселе көтерді

2023 жылғы 10 Ақпан
6246 просмотров

Тасымалдау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдерімен кездесіп, Холдингті қолдау шараларын талқылады. Кездесу «Атамекен» ҰКП алаңында өтті.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Карымсақов сала кәсіпкерлерінің алдында қолдау шараларын алу мәселесі өзекті екенін атап өтті.

 «Біз мәселені талқылауға осы алаңға келегіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Салалар өкілдерімен талқылау қорытындысы бойынша барлық айтылған мәселе мен бастамалар жұмысқа қабылданатынына сенімдімін.  Холдинг кері байланысқа шығады», – деді Мұрат Қарымсақов.

 Кездесу барысында кәсіпкерлерге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «Kazakh Export» ЭСК» АҚ қолдау шаралары туралы айтылды. Қазіргі укздк бағдарламалар отандық тауар өндірушілерді және өңдеу секторын қолдауға бағытталған.

 «Қазақстанның автомобиль конвенциясы» қауымдастығының президенті Марат Берқалиев бүгінде автобус паркін жаңарту негізінен өнеркәсіпті дамыту Қорының бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда, кәсіпкерлер бастапқы жарнаның 20%-ын беру мәселесіне тап болады.

«Біздің қаржылық жағдайымыз көбінесе жергілікті атқарушы органдарға байланысты. Өйткені біздің қызмет түріміз субсидияланады. ӘКК техниканы сатып алу кезінде кепілгер болудан бас тартады. Бағдарлама бар, бірақ жұмыс істемейді», – деді Марат Берқалиев.

 Теміржол саласының өкілдері де сөз сөйлеп, көлік саласын дамыту үшін ынталандыру құралдарын әзірлеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер оң нәтиже алу үшін тек өндірушілерді ғана емес, сонымен қатар отандық өнімдерді тұтынушыларды да қолдау керек екеніне сенімді.

Кездесуді қорытындылай келе, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ өкілдері Холдинг ҚР ИИДМ уәкілетті салалық мемлекеттік органымен көлік саласын қолдаудың жаңа шараларын әзірлеу бойынша ынтымақтасатынын атап өтті. «Атамекен» ҰКП мен бизнестің қатысуымен бірлескен жұмыс қолжетімді қаржыландыру бойынша салалар үшін жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, нақты секторды ұзақ мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету мақсатында жобалық кеңсе шеңберінде синдикатталған несиелеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер