astana-view

Бизнес және кәсіпкерлер палатасы: бірлескен тандем

2023 жылғы 11 Ақпан
- Ұлытау облысы
10276 просмотров


Ұлытау облысының ӨКП алаңында ӨКП төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Қаженованың, салалық даму жөніндегі Басқарушы директор Рахымбек Зейнуллиннің, бизнесті қорғау жөніндегі Басқарушы директор Ғалымжан Сүтбаевтың қатысуымен өңдеу өнеркәсібі салалық комитетінің бірінші отырысы өтті.
Бұл - Палата сарапшылары мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен алтыншы отырыс. Мұндай кездесулер облыс Палатасы мен бизнеске бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін қорғай отырып, белгілі бір бағытта бірлесіп жұмыс істеуге көмектеседі. Отырыс барысында комитет қатысушылары өзекті мәселелерді талқылап, болашаққа жоспар белгіледі. Күн тәртібінде талқыланған маңызды мәселелердің бірі мемлекеттік тендерлерге қатысуға байланысты болды. Өңдеу өнеркәсібі саласының өкілдері кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер