astana-view

Елорданың 229 қонақ үйі мемлекеттік органдардан туристік жарнаны қалай төлеу керектігі бойынша жауап күтуде

2023 жылғы 15 Ақпан
- Астана қаласы
6909 просмотров

Шетелдіктер үшін туристік жарна Астана қаласында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді, алайда оны төлеу тетігі әлі орнатылмаған. Елордалық қонақүйлердің иелерін бұл мәселе толғандыруда.
Елорданың туристік саласының мәселелері Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңесінің отырысында қаралды. Жиын басында Палата директорының орынбасары Нұргүл Ахметова "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта өңірлік палаталар жанынан салалық кеңестер құрылатынын, оның шеңберінде кәсіпкерлермен өзара тығыз іс-қимыл жасау кезінде салалардың проблемалық мәселелері көтерілетінін, кейіннен кәсіпкерлікті дамытудағы басымдықтарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірленетінін хабарлады.

"Елордалық палатада негізгі салалар бойынша жеті кеңес құрылады, олардың бірі туризм мәселелеріне арналған кеңес болып табылады. Бүгінгі таңда бұл салада проблемалық мәселелер де, даму үшін де үлкен перспективалар бар", - деді ол.
Негізгі проблемалық мәселелердің бірі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Астанаға келетін шетелдіктер үшін тәулігіне болу құнының 5% мөлшерінде туристік жарнаны (bed tax) енгізу болып табылады.

Еуразиялық қауымдастықтың кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Вице-президенті Қанат Елеусізов жарна 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілгенін, алайда оны төлеу мәселесі әлі пысықталмағанын атап өтті. Сонымен қатар, ол жинау мөлшерлемесі жоғары деп санайды, өйткені ол 2022 жылдың 1 тоқсанының статистикасы негізінде бекітілген.

"Мәселе мынада, қонақүйде чек шығарылабы және оған салық салынады ма?",- деп сұрады Қанат Елеусізов Астана қаласы бойынша МКД қызметкерлерінен.

Астана қаласы бойынша МКД камералдық мониторинг бөлімінің бастығы Анвар Бекжұманов бұл мәселе бойынша түсініктеме бере алмады және түсіндірме алу үшін жоғары тұрған мемлекеттік органдарға бірлесіп жүгінуді ұсынды.

"Сұрақ өте күрделі. Мен оған нақты жауап бере алмаймын. Бұл алым салық түсімі болып табылмайды. Мен оны жоғары органдардың алдына қоя аламын. Оны бірге егжей – тегжейлі қарастырайық", - деді ол.

Елордалық туризм қауымдастығының өкілі Татьяна Верницкая 229 елордалық қонақ үй аталмыш сұраққа жауап күтіп тұрғанын атап өтті.

"Қазір біздің топта Халықаралық мәртебеге ие және көптеген шетелдік туристерді, соның ішінде ресейлік туристерді қабылдайтын қонақүйлер белсенді. Туроператорлар қонақтарды тартып әкелуге тырысады, қонақүйлер қабылдауға тырысады және біз мұның бәрін дұрыс дайындау керепіз", - деді ол.

Татьяна Верницкая жүргізілген талдауға сәйкес Қазақстанның туристік ағынының орта есеппен 36% - ы Астана мен Алматыға тиесілі екенін атап өтті. Туристердің орташа болу ұзақтығы соңғы бес жылда небәрі 1,5 күнді құрайды. Астаналық көрікті жерлерге кешенділік, яғни объектінің өзінен басқа оны толықтыратын басқа кеңістіктер кіретін ұйымдасқан экожүйе жетіспейді.
Сондай-ақ, кеңесте Astana Invest туризм және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Саят Құсайынов пен "Kazakh Tourism" АҚ бас менеджері Асхат Смайылов туризмді мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер