astana-view

Үш облыста тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификат беру қызметі жүзеге асырыла бастайды

2023 жылғы 15 Ақпан
8302 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылғы 20 ақпаннан бастап Абай, Жетісу және Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар және индустриялық сертификат беру қызметі жүзеге асырыла басталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты қолданыстағы заңнаманың және сертификаттар беруді регламенттейтін нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес, тауарлар өндірілетін жердің аумақтық бөлінуін ескере отырып, өтініш беру үшін ӨКП қарастыруды сұраймыз.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мекенжайы мен телефон нөмірі:

Алматы облысының ӨКП: Алматы облысы Қонаев қаласы, 1 ш/а, 14б учаскесі, телефоны: 8 (72772) 7-96-83;

Абай облысының ӨКП: Абай облысы Семей қаласы Абай алаңы, 5 үй, телефон: 8 (7222) 42-57-44;

Жетісу облысының ӨКП: Жетісу облысы Талдықорған қаласы Бірлік ш/а, 2а ғимарат, телефон: 8 (7282) 40-10-27;

Ұлытау облысының ӨКП: Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Ілияс Есенберлин көшесі, 51 үй, телефон: 8 (7102) 41-44-46.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер