astana-view

Дистрибьютерлік компания жергілікті тауарөндірушілермен бірге жұмыс істеуге әзір

2023 жылғы 02 Наурыз
- Қызылорда облысы
7115 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аймақтағы тауарөндіруші кәсіпкерлердің «ALBARAKAT Sauda» компаниясы қызметімен танысуы ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов биыл өңірде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы басталатынын, жоба аясында жергілікті өнім шығаруға басымдық берілетінін атап өтті. Ол үшін әдістемелік те, қаржылай да көмек көрсететін мемлекеттік қолдау тетіктері бар.

Қызылорда қаласында орналасқан «ALBARAKAT Sauda» компаниясы 2014 жылдан бастап қызмет жасауда. Негізгі қызмет саласы - тамақ өнімдерінің  дистрибуциясы.

Бүгінде компанияның көмегімен өнім өндіретін кәсіпкерлер өз өнімдерін нарыққа шығарып, өткізуге тамаша мүмкіндік алып жатыр.

Бүгінгі таңда республика бойынша «Керемет-Ет» фарштары мен жартылай дайын өнімдерін, «Жаннұр», «Дос» маркалы сүт өнімдерін, «ЗЕРЕ», «МирСлад» сауда белгісімен тіркелген өнімдерді, «Қазалы» конфетін таратумен айналысады.

Қызылорда қаласы және өңірлер бойынша 1600-ден астам тұрақты клиенттік базасы, сондай-ақ тағам өнімдеріне арналған арнайы жабдықталған қоймалары бар.

Кездесуде компания директоры Ардақ Нұрымбетова жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерін Қызылорда облысында ғана емес, өзге өңірлерде де кеңінен таратуға болатынын, ол үшін кәсіпкерлерге көмек көрсетуге әзір екенін  жеткізді.

Жалпы осы тақырыпқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласа аласыздар. Байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81. Жауапты маман Алма Пірманова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер