astana-view

Райымбек Баталов әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

2023 жылғы 07 Наурыз
4854 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіпкер әйелдерді мерекемен құттықтады.

«Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің бойыңыздағы дархан даланың кеңдігі, күннің шуақты мейірі, бұлақ суындай тазалық қасиеттеріңіз әрбір шаңырақтың берекесін арттырып, қуаныш сыйлайды.

Көктемнің көрікті күнінде Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ырыс-құт тілеймін. Мейірім мен берекенің бастауы тек қуаныш сыйласын!

Ұлттық палата кәсіпкер әйелдерді үнемі қолдайды және барлық өңірдегі кәсіпкер әйелдердің әлеуетін шоғырландыру мақсатында 2015 жылы «Атамекен» Төралқасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылды.

Бүгінде Іскер әйелдер кеңесі еліміздің барлық облысында аудандар мен ауылдар деңгейіне дейін құрылған. Бүкіл ел бойынша 1,8 мыңнан астам әйелді қамтиды. Әйелдердің іскерлік қоғамдастығын қолдау бойынша 13 мыңнан астам әйелдің қатысуын қолдау мақсатында 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді.

Мереке құтты болсын, кәсібіңіз өрлей берсін!»

Құрметпен, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов


Еншілес ұйымдар

Серіктестер