astana-view

Ұлттық палата және Сауда министрлігінің сарапшылары көтерме-тарату орталығының жұмысымен танысты

2023 жылғы 13 Наурыз
3441 просмотров

«Атамекен» ҰКП қызметкерлері мемлекеттік орган басшысымен бірлесіп, ағымдағы мәселелерді талқылау және шешу үшін көтерме-тарату орталығы объектісіне барды.

Ұлттық палатаның сауда департаментінің сарапшысы Ерболат Шарафиев,  Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шакқалиев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Самат Тенбаевпен бірлесіп, ағымдағы проблемаларды талқылау және шешу, сондай-ақ  АШТӨ-ден тұтынушыға дейін КТО арқылы өзара іс-қимыл жасау механизмін әзірлеу үшін «Табыс» көтерме-тарату орталығы объектісіне барды.

 Олар өнімді сатып алу, өнімді көтерме-тарату орталығына жеткізу, калибрлеу, сұрыптау, буып-түю, сақтау, сауда объектілеріне жеткізу және түпкілікті тұтынушыға әділ бағамен сату мәселелерін талқылады.

КТО құрылтайшысы Евгений Самусеевич объект құрылысы мен операциялық қызмет кезінде кездескен проблемалар жайында айтып, АШТӨ және сауда желілерімен өзара іс-қимыл тетігі бойынша өз ойларын бөлісті.

 «Қазақстан кто одағы» ЗТБ өкілдері айтқан барлық ұсыныс пен «Табыс» КТО басшылығы көтерген мәселелерді министрлік назарға алды.

Сонымен қатар, Астана қаласында КТО салу үшін жер учаскесін жалға алу бойынша мәселелер көтерілді, оларды жергілікті атқарушы органдармен шешу қажет. Осы мәселе бойынша тараптар атқарушы органдармен бірлесіп шешім қабылдау үшін алдағы жұмыс күндері кездесуге келісті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер