astana-view

Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт өңдеушілердің мәселесін елеусіз қалдырды

2023 жылғы 13 Наурыз
5624 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге субсидияны іске асырылған көлем фактісі бойынша төлеу туралы енгізілген норма орынды деп санайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі дәлелі – бұл шара бизнес субъектілерінің өндірістің нақты көлемін жасанды өсіру фактілерін жояды. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қолдау енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдан бастап бизнес тарапынан сүт өнімдерін өндіру көлемі бойынша тіркеуге қатысты анықталған фактілер жоқ екенін растап отыр.

 Маусымаралық кезеңде шикізат тапшылығы проблемасы туындайды.  Бұл мәселені шешу үшін АШМ өкілдері сүт өндірушілерге сүт-тауар фермаларын салуға инвестициялық салымдарды субсидиялау жөніндегі жұмысты жалғастыруға уәде берді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ӘКК-нің жергілікті жерлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру үшін бөлінген қаражатының бір бөлігін айналым схемасы бойынша пайдалануға ұсыныстар енгізілетінін айтты.

Бірақ, сүт одағының басшысы Владимир Кожевниковтың айтуынша, АШМ сүт өңдеу кәсіпорындары сүт өндірісінің маусымдылығына тәуелді екенін ескермеген. Тауарлық сүттің қолда бар көлемі сүт зауыттарының жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етпейді. Өңдеушілерге маусым ішінде шикізат сатып алуға және қазақстандықтарды сапалы және қолжетімді сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге қаражаттың болғаны маңызды.

 «Өндірушілерге субсидия жаз мезгілінде қажет. Ол кезде шикі сүт сатып алу және өнім шығару үшін керек. Сыртқы факторлар салдарынан шикізат бағасы үнемі өсіп жатыр. Мысалы, соңғы екі жылда шикізат сүтінің құны 61%-ға – келісі үшін 126,9 теңгеден  204,2 теңгеге дейін өсті, тиісінше сары майдың шикізат құны 45,5%-ға артқан», – деді Владимир Кожевников.

 Кәсіпкердің есептеуі практикалық мысалда 1 келі сары май өндіру үшін 22 кг шикі сүт қажет екенін көрсетті. Сүттің құнын ескере отырып, өнімнің тек шикізаттық өзіндік құны шамамен 4 мың теңгені құрайды. Бұл кәсіпорындардың басқа шығындары мен рентабельділігін есепке алмағандағы шығын.

Сүт өңдеушілер АШМ-нің қайта өңдеуді субсидиялауға енгізген  жаңа тәсілдері саланың жағдайын айтарлықтай нашарлатып, бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, жазғы кезеңде шикізат сүтін сатып алу мүмкіндігінен айырады және өнімнің қымбаттауына алып келеді деп  дабыл қақты. Алайда ескерту елеусіз қалып отыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер