astana-view

Ұлытау облысы — негізгі капиталға инвестициялардың өсуі бойынша көшбасш

2023 жылғы 14 Наурыз
- Ұлытау облысы
9022 просмотров

Бүгін өткен ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы Республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

 

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған баяндамаға сәйкес, Ұлытау облысы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі бойынша көшбасшы болып табылады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олар 73,6%-ға өсті.





Сондай ақ, біздің өңір-өңдеу өнеркәсібіндегі өсу бойынша көшбасшылар қатарында. Экономиканың осы секторындағы өсу серпіні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3%-ға ұлғайды. Бұл республика бойынша үшінші орын.

Бұдан басқа, құрылыс секторында: біздің өңірде де, жалпы Қазақстан бойынша да өсім байқалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ұлытау облысында құрылыс өсімі 3,6% құрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер