astana-view

Мал шаруашылығына жағдай жасалса, ет өнімдері арзандауы мүмкін – Ербол Есенеев

2023 жылғы 16 Наурыз
5638 просмотров

Дереккөз: worldclassmag.com

Қазақстанда ет аз өндіріледі, сондықтан ішкі нарықта жекелеген бәсекелестік бар. Бірақ мал шаруашылығы саласына қолайлы жағдай жасайтын болсақ, онда ет өнімдерінің бағасы төмендеуі мүмкін. Oтандық ет өндірісінің дамуы жайында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Есенеев айтып берді.

«Еліміздің сапалы ет өндіру үшін әлеуеті зор. Мал шаруашылығы жақсы жұмыс істейтіндей қолайлы жағдай жасалса, онда сала дамып, ет өнімдерінің бағасы төмендеуі мүмкін. Өйткені қазір біз етті аз өндіреміз, сондықтан жергілікті нарықта жекелеген бәсекелестік бар. Ал көрші Моңғолияда өндірілетін еттің жан басына шаққандағы көлемі айтарлықтай көбірек, бізге қарағанда мал басының саны 20 есе көп. Сондықтан еттің құны арзандау. Моңғолияда қой, жылқы, сиыр еті небәрі 3 доллар, әлемдегі ең арзан ет. Біздің ақшаға шақсақ, шамамен 1,4-1,5 мың теңге», – деді сарапшы.

Ербол Есенеевтің айтуынша, статистика деректері нақты жағдайға сәйкес келе бермейді. Етті алып қарасақ, Қазақстан жылына шамамен 1,2-1,3 млн тонна ет өндіреді.

«Өндірелетін негізгі массаны, шамамен 95%-ды өзіміз өндіріп, өзіміз тұтынамыз. Сондай-ақ, импорт та бар. Мысалы, 6 мың тонна мұздатылған етті біз Бразилия, Аргентинадан импорттаймыз. Бұл ет негізінен қайта өңдеуге кетеді. Тағы 18 мың тонна етті Орта Азия елдері, Өзбекстан нарығына экспорттаймыз. Оларда басқа балама жоқ. Сондықтан, менің пікірімше, жағдай қиын емес. Біз өзімізді етпен 100 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз.  Сонымен қатар, осы өндірісті ұлғайта аламыз, өйткені әлеуетіміз зор. Егер қызыл ет туралы айтсақ, онда бізде қой саны үш есе – 50 млн басқа дейін артуы мүмкін», – деді Ербол Есенеев.

Сондай-ақ, сарапшы Тамақтану академиясының академигі Төрегелді Шармановтың мәлімдемесіне сүйене отырып, Қазақстан аумағында 40-50 млн басқа  дейін жылқы ұстауға болатынын атап өтті. Мұның бәрі өндірістің бірнеше есе ұлғайта алады.

«Кейбір елде ресурс шектеулі. Мысалы, Қытай Халық Республикасындағы егістіктің орташа есебін алсақ – онда бір тұрғынға небәрі 12 сотықтан айналады. Қазақстанда 1 адамға бір жарым гектар, 10 есе көп», – деді Ербол Есенеев.

Бұдан бөлек маман Қазақстандағы құс етіне қатысты жағдайға тоқталды. Спикер құс еті көлемінің жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті. Қазақстанда құс етін тұтыну жылына  450 мың тоннаға жуықтаса, оның 70 пайызын отандық өндірушілер шығарады. Алайда, импорттың да үлесі бар. Бірақ тағы 5-6 жылдан кейін еліміз өзін толығымен қатамасыз ете алады.

«Өкінішке қарай, жылына 110 мың тоннадай құс етін, негізінен сан етін импорттаймыз.  Бұл бізге Америкадан келетін өте арзан, сапасыз ет. Осының орнын біртіндеп отандық өніммен толтырып жатырмыз. Бізде бірнеше инвестициялық жоба бар. Бес-алты жылда өзімізді ақ етпен толық қамтамасыз ете аламыз», – деп атап өтті Палата өкілі.

 Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, Қазақстанда мал шаруашылығы – дамытуға қолайлы әрі маңызды сала.

«Ауыл шаруашылығын сала ретінде айтатын болсақ. Бұл салада ауылдық жерлерден көптеген адамды жұмысқа ала аламыз. Терең өңдеуді жолға қоя аламыз. Қазіргі қайта өңдеу өндірісі бізді қанағаттандырмайды. Мал мен құсты өсіріп, дайын тұтас етті сата салу оңай. Алайда, мал союмен қатар қосымша өнімдер көп жүреді. Мысалы,  сүйектерді қайта өңдеу, теріні қайта өңдеу, жүнді қайта өңдеу. Мұның бәрі ет саласының өнімдері. Осы бағыттарды дамытудың маңызы зор», – деді ол.

Сондай-ақ, палата өкілі ет бағасы нарық заңымен реттелетінін айтты. Алайда, бағаны төмендету үшін оны мүмкіндігінше көбірек өндіру керек.

«Мұнда нарық заңы жұмыс істейді: неғұрлым көп өндірсек, баға соғұрлым төмен болады. Жақсы мысал, тұтынушылар соңғы кезде алманың бағасы тұрақтанғанын байқады. Мұның бәрі қайта өндірістің көмегімен. Біз көбірек өндіреміз. Соңғы 10 жылда алманың құны 310 теңгеден 450 теңгеге дейін артқан. Бізге қажетті көлемнен көп өндіргеніміздің арқасы. Дәлірек айтқанда, біз елде қажет болғанша ғана өндіреміз. Етке қатысты тура осылай жасау керек. Барынша көп өндіруіміз керек», – деп қорытындылады Ербол Есенеев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер