astana-view

Отандық жеңіл өнеркәсіп өкілдері Пәкістанның ең ірі тоқыма көрмесіне қатысады

2023 жылғы 16 Наурыз
2448 просмотров

Бүгін Пәкістан делегациясы Кәсіпкерлер палатасында болды.

Кездесу барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Таймбетов «Атамекен» ҰКП-ның негізгі міндеттері туралы айтып, екі елдің тығыз іскерлік байланыстарын атап өтті.

«Қазақстанда Пәкістан капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын тіркелген. Сонымен қатар, Алматыда Пәкістанның Сауда өкілдігі орналасқан. Биыл біз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастырамыз, өйткені ол тату көршілік пен берік достыққа негізделген», – деп атап өтті ӨКП төрағасы.

Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Саджад Ахмед 1990 жылдардың басында құрылған Қазақстан мен Пәкістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың басынан бастап Қазақстан мен Пәкістанның ынтымақтастық көлемін ұлғайту үшін ешқандай саяси кедергілері жоқ екенін атап өтті.

Өткен жылы Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 7 73,1 млн құрады. Пәкістанның Қазақстанға экспорты негізінен асыл тастар мен зергерлік бұйымдардан, тоқыма бұйымдарынан, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларынан, ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларынан, көкөністерден, аяқ киімдерден, былғарыдан жасалған бұйымдардан, спорттық және медициналық жабдықтардан, құрылыс материалдарынан және т. б. тұрады. Қазақстаннан құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімдерін, жабдықтарды, тыңайтқыштарды, көмірді, темірді және түсті металдарды, өсімдік майын импорттайды.

Пәкістан делегациясының өкілдері қазақстандық кәсіпкерлерді мамыр айында Пәкістанда өтетін тоқыма өнімдерінің көрмесіне қатысуға шақырды.

«MedRemZavod» компаниялар тобының бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов жақында Пәкістанға сапармен келді. Ол пәкістандықтардың жылы қабылдауы мен еңбекқорлығын атап өтті.

ҚР Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Пәкістан әлемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша жақын немесе сәйкес ұстанымдарға ие, бұл халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және т. б. шеңберіндегі тиімді мемлекетаралық өзара іс-қимыл үшін негіз болып табылады.

Іс-шараға Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Саджад Ахмед Сихар, Пәкістан Ислам Республикасы Елшісінің кеңесшісі Мұхаммед Фарук, Алматы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Таймбетов, «MedRemZavod» компаниялар тобының бас директоры Арыстанбек Жұмағұлов, «Dolce» ЖШС экспорт жөніндегі менеджері Санат Сатқалиұлы, Қазақстан онкологтар қауымдастығының президенті Мұратжан Сақтағанов қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер