astana-view

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ мектептерге қосымша құрылыс салудағы тәжірибені ескеретін болады

2023 жылғы 16 Наурыз
4736 просмотров

Бұған дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыруда ҰКП мен бизнестің жалпы білім беретін мектептерге қосымша құрылысты әлеуметтік нысандарға жатқызу жөніндегі ұсыныстарын ескермегені  хабарланды.

 Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша Ұлттық палата осы жылдың 15 наурызында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-қа өтінім жасады. SKC ерекше тәртіпті қолдана отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жалпы орта білім беретін мектептерді салу және жобалау бойынша кешенді жұмыстарды сатып алудың конкурстық құжаттамасына өзгерістер енгізді. Оған сәйкес мектептерге қосымша құрылыс «әлеуметтік объект» ұғымына жатқызылды.

Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізілуіне байланысты өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 29 наурызға дейін ұзартылғанын атап өткен жөн.

Құрметті кәсіпкерлер, конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда,  1432 нөмірі бойынша «Атамекен» ҰКП байланыс орталығына кеңес алу үшін жүгіне аласыз.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер