astana-view

Ауыл кәсіпкерлерімен жұмыс

2023 жылғы 16 Наурыз
- Ұлытау облысы
9345 просмотров

Ұлытау ауданының әкімі әкімдері Аманжол Мырзабеков пен Аманкелді ауылының әкімі Ноян Жеңсікбаев ауыл тұрғындарымен және кәсіпкерлермен кездесті.

Жиналғандарды қызықтырған сұрақтарға ауыл басшылары мен мемлекеттік мекеме сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының Ұлытау ауданы бойынша филиалының мамандары жауап берді. Жиын барысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мен грант беру, несиелендіруге қатысты мәселелер талқыланды. Жиналғандар төмен пайызбен несиелендіруге де қызығушылық танытты.
 

Әлеуметтік салаға, ауылды дамытуға қатысты сұрақтар да қойылды.Кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шаралары және Ұлытау өңірінде агротуризмді дамыту бойынша Ұлытау облысының  ӨКП филиалының мамандары түсіндірме берді. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер