astana-view

Отандық өндірушілер «жайлы мектеп»  аясында құрылыс материалдары мен жабдықтарға  қажеттілікті жабуға дайын

2023 жылғы 24 Наурыз
35426 просмотров

Кәсіпкерлер өндірілетін тауарларын көрсетіп, «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру кезінде көлемнің негізгі бөлігін жабуға дайын екенін атап өтті.

Көрмеде 100-ден астам компания өз тауарларын ұсынды,атап айтқанда, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника, жылыту жүйелері, есептеу құралдары мен өрт сөндіргіштер, сантехника, есіктер мен терезелер, арматура және электр кабелі қойылды.

 «Көрме мақсаты – жоба операторына, мемлекеттік органға Қазақстанда мектеп құрылысы үшін отандық өнімдерді жеткізуге және ынтымақтастыққа дайын өндірушілер саны бар екенін көрсету. Кәсіпкерлер өз технологияларын жетілдіруге және өз өнімдеріне қойылатын сапа стандарттарына сәйкес келуге дайын. Жобаны іске асыру негізінен бюджет қаражатына жүзеге асырылатынын ескерсек, бірінші кезекте жергілікті қамтуды тарту қажет және ол болмаған жағдайда ғана шетелдік өнімді пайдалану қажет деп санаймыз», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин.

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов өнімдердің жоғары сапасын атап өтіп, ұлттық жоба аясындағы ағымдағы жұмыс туралы айтыы.

«Біз отандық шикізатты пайдалануға баса назар аудару механизмдерін пысықтап жатырмыз. Аласапыран болмас үшін, кәсіпкерлер дайындалуы үшін құрылыс кезінде қажетті көлемдерді анықтау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол.

 Көрмеде кәсіпкерлер жайлы мектептер салу кезінде пайдалануға болатын жабдықтар мен тауарларды ұсынды.

Мысалы, «АзияФильтр» компаниясы 2019 жылдан бастап шаң-газ тазарту, желдету және сұйық сүзу жүйелеріне арналған өнеркәсіптік сүзгілерді өндірумен айналысады.

 «Щучинск қаласында жеке өндірісіміз бар. Біз цемент өндірісі, энергетика, металлургия, химия және тамақ өнеркәсібі сияқты салалардың серіктестерімен ынтымақтастық орнаттық. Біздің өнімдерді ірі өндіруші компаниялар бірнеше жыл бойы қолданып келеді, біз қажетті зерттеулер мен аккредиттеуден өттік», - деп атап өтті компанияның бас директоры Индира Нұрлан.

 Полипластик компаниялар тобына кіретін «СТЗ Арыстан» сауда үйінің техникалық даму бөлімі инженерінің айтуынша, компания өнімдерінің жарамдылық мерзімі 50 жылға жетеді.

«Астанадағы біздің зауыт Қазақстанның ірі нысандарында белсенді және табысты қолданылатын полимерлі құбыр өнімдерін өндірумен айналысады. Біз технологияны үнемі жетілдіріп отырамыз. Компаниямыздың қуаты зор және біз мектеп салу кезінде қажетті көлемді жабуға дайынбыз», – деді Әлібек Дөненов.

 Сонымен қатар, шара аясында кәсіпкерлер ұлттық жобаны іске асыру кезінде отандық өндірушілердің өнімдерін пайдалану бойынша кепілдіктердің болмауына байланысты түйткілді мәселелерді көтерді.

Мұрат Амрин қазіргі кезде Қазақстанда отандық өндіріс кезінде импорттық тауарларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік жоқ екенін атап өтті. ҰКП отандық кәсіпкерлерді қорғау ретінде 15% айыппұл салуды ұсынды, егер мектептерді салу кезінде отандық тауар өндірушілердің тауарлары пайдаланылмаса, бастама жоба операторы деңгейінде әлі де қолдау таппады.

«Келісімшарттар шеңберінде осы жауапкершілікті қарастыруды сұраймыз. Бізде жыл сайын орта есеппен 1,1 трлн доллардан астам сомаға құрылыс материалдары мен жиһаздар импортталады, бұл ретте ұлттық жоба шеңберінде құрылысқа қажетті негізгі бөлігін ел ішінде өндіреміз», - деді ҰКП төрағасының орынбасары.

Samruk-Kazyna Construction өкілі бұл мәселе премьер-министрдің орынбасары деңгейінде қайта қаралатынын айтты.

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шараны «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырды. Көрмеге Білім министрлігі мен Samruk-Kazyna Construction, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) өкілдері шақырылды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер