astana-view

Қытаймен мемлекеттік шекарада электрондық кезекті оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы

2023 жылғы 27 Наурыз
3930 просмотров

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде қазақстан-қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру және тасымалдаушылар үшін электрондық кезекті оңтайландыру бойынша шаралар қабылдануда.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-мен бірлесіп (CarGoRuqsat электрондық кезегінің әкімшісі) электрондық кезекке қоюға сәйкес келмейтін көліктің болуы тұрғысынан басқа мемлекеттік органдармен салыстыру жүргізді.

Салыстыру нәтижесі тасымалдаушылар мен жүргізушілердің едәуір санында халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру үшін куәліктер мен рұқсат карточкалары жоқ екенін көрсетті.

Бұдан басқа, кейбір тасымалдаушылар бұған дейін барлық қажетті құжаттары жоқ бола тұра  кезекті брондаған және «запасқа» кезек қойған. Қазір бұл қазір қажетті құжаттардың толық пакеті бар басқа тасымалдаушыларға кезекте тіркелуге мүмкіндік бермейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті, тасымалдаушыларға кезекті сақтау үшін 2023 жылғы 15 сәуірге дейін халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған көрсетілген рұқсат құжаттарын ресімдеу қажеттігін хабарлайды. Мұндай құжаттардың болмай электрондық кезек жүйесінен автокөлік 16 сәуірден бастап кезектен шығарылады.

Бұдан басқа, «E-border» тізімі бойынша жиналған кезекті түсіру мақсатында а.ж. 28 наурызынан бастап 15 сәуірі бойынша «E-border» кезек тізімінде тұрған барлық автокөлік құралдарының Қытайға шығуы үшін өткізу пунктіне келуі қажет. Бүгінгі күні меморгандар күн сайын Қытайға шығу үшін «E-border» кезегінен тізімді жариялайды, бірақ барлық рұқсат беру құжаттары дайын болған жағдайда – машиналардың (осы кезектен) жарияланатын тізімдерден тыс шекара арқылы өтуіне жол беріледі. Көрсетілген мерзімге дейін келмеген автомашиналар 16 сәуірден бастап «E-border» тізімдері бойынша кезектен шығарылатын болады.

Cargoruqsat кезегі бойынша автокөлік өткізу пунктіне тиісті брондауда белгіленген күн мен уақытта келуі қажет. 16 сәуірден бастап CarGoRuqsat-та брондау саны 300-ге дейін ұлғайтылады, «E-border» кезегі бойынша тізім таусылғаннан кейін бос брондарды одан әрі ұлғайту жоспарлануда.

«Атамекен» ҚР ҰКП және ҚР ҚМ МКК өткізу қабілетін арттыру және шекарадан өтудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысы жалғастырылатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер