astana-view

ҚХР-ға кіруге көлік рұқсатын алу жеңілдейді

2023 жылғы 31 Наурыз
6858 просмотров

Нұркент кенті және Жаркент қаласында «Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастырған алаңдарда ҚР ИИДМ Көлік комитеті, Бас көлік прокуратурасы және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерімен өткен жұмыс кездесулеріне 150-ге жуық кәсіпкер қатысты.

Кездесулерде тасымалдаушыларға пилоттық жоба шеңберінде халықаралық автотасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат карточкасын және ҚХР тарапынан «С» түріндегі рұқсат бланкілерін –жүк тасымалдарын алуды оңайлату туралы ақпарат берілді.

Пилоттық жоба осы жылдың сәуірінен бастап 2024 жылдың 15 наурызына дейін кеден органдарының «Достық-авто», «Нұр Жолы», «Қалжат», «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу пункттерінде ҚХР тарапының «С» түріндегі рұқсат бланкілерін беруін іске асыруды көздейді.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, бұл механизм адал тасымалдаушыларға ҚХР-мен жүк тасымалдауды жеңілдетуге және кезектегі орын және рұқсат бланкілерге қатысты алыпсатарлықты болдырмауға мүмкіндік береді.

«Электрон кезек мәселелерін шешу барысында көптеген тасымалдаушы жүйені пайдалана алмайтыны белгілі болды. Өйткені олардың рұқсат пен карточкаларды алу мүмкіндігі жоқ. Неліктен осындай жағдай орын алды? Өйткені ақпаннан бастап рұқсат алудың жаңа регламенті қолданылады, онда процедуралар айтарлықтай күрделене түсті. Жалпы алғанда, рұқсат пен көлік құралдарына рұқсат карточкаларын алу жақында ашылған және осы салада жұмыс істей бастаған шағын бизнес үшін қол жетімді болмады. Пилоттық жоба шағын және орта бизнес үшін жағдайды едәуір жеңілдетеді және жалпы Қытай мен Қазақстан арасындағы тасымалдауды жеңілдетеді», – деп бөлісті спикер.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы арқылы жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрықтың жобасын ҚР ИИДМ Көлік комитеті және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп әзірлеген.

ҚХР тарапынан «С» түріндегі рұқсат бланкісін тасымалдаушыға беруге өтінішті қабылдау ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары Qoldau.kz тіркеу ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы жүзеге асыратын болады. ол үшін мынадай құжаттар сұралады:

1) «CarGoRuqsat» электрон кезек жүйесінде автокөлік құралын тіркеу;

2) көлік құралдарына арналған құжаттар;

3) шетелдік рұқсатты қолдану/қолданусыз рұқсат куәлігі;

4) шетелдік рұқсатты қолдану/қолданусыз автокөлік құралдарына рұқсат карточкалары;

5) ҚР аумағынан кеткені үшін алым сомасын бюджетке онлайн төлеу (1 АЕК)

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органы жүйедегі интеграция арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініштен алынған деректерді автоматты түрде тексереді және ҚХР рұқсат беру бланкісіне «С» түріндегі электрон толықтыруды қалыптастырады, ол бойынша рұқсат беру бланкісін ҚХР-дан өткізу пунктіне көлік іс жүзінде келген кезде кеден органдары беретін болады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер