astana-view

Мұнай сервистік 30 компания 2 трлн теңге сомасында жұмыс атқарды

2023 жылғы 06 Сәуір
5596 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

 Еліміздегі мұнай сервисі саласындағы жетекші 30 компания өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 трлн теңге сомасында жұмыс орындаған. Қазақстан нарығында мұнай сервистік және мұнай-газ саласының жеткізуші 2 мыңнан аса компания бар. Олардың жалпы штаты 170 мыңнан аса адамды құрайды. Бұл туралы бүгін Атырауда өтіп жатқан «KazDrilling» халықаралық салалық конференциясы барысында айтылды. Іс-шара Қазақстанның KazService мұнай сервистік компаниялар одағы және «TBD» агенттігінің ұйымдаструымен өтті.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов мұнай сервисі саласын дамыту  Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

«Тәжірибе, білім және жаңа идеялармен алмасу арқылы біз бұрғылау саласының түйткілді мәселелерін анықтап, нарықты дамытуға және техникалық қызмет көрсету мен бұрғылау үшін жұмыстар мен жеткізілімдер көлемінде қазақстандық қамтуды арттыруға мүмкіндік беретін шешімдерді таба аламыз. Бизнес пен мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл ел экономикасын табысты дамыту үшін қажет», – деп атап өтті Мақсат Қиқымов.

 «KazService» төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов көлденең және көп саңылаулы  ұңғымаларды күрделі жөндеуді дамыту қажеттігін атап өтті.

«Бұрғылау нарығы 2022 жылы ақшалай түрде 400 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы статистикадан 65 млрд теңгеге артық. Алайда, өсім ҚазМұнайГаз тобы бойынша бұрғылау компанияларының еңбекақы төлеу қорының ұлғаюымен байланысты. Мысалы, егер Өзенмұнайгаз бұрғылау операцияларына арналған шығыс 2021 жылы 85 млрд теңгені құраса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша – 126 млрд теңгені құрады» - деді спикер.

2021 жылдың қорытындысы бойынша пандемиялы 2020 жылдан кейін мұнай бағасы айтарлықтай төмендеген кезде жаңа ұңғымалар құрылысының өсу қарқыны байқалғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ, динамика мұнай бағасының Қазақстандағы бұрғылау операциялары нарығына қалай әсер ететінін көрсетеді. 2022 жылы мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асты. Бұл жайт былтырғы аукциондарда жеңіске жеткен жаңа жер қойнауын пайдаланушылардың пайда болуына әкелді. Олар биыл барлау ұңғымаларын салуды бастауға ниетті. Атап өтейік, барлау кезеңінде компаниялар бұрғылауды тендерсіз жүзеге асыра алады.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер