Жұмыртқа, сүт, қияр: 2023 жылы қандай азық-түлік өнімдері қымбаттады
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы өткен жылдармен салыстырғанда осы жылдың бірінші тоқсанында 13,3%-ға өскен. Жұмыртқаның бағасы 33,9%-ға артқан. 2023 жылдың наурызында он дана жұмыртқаға орташа баға 572 теңгені құрады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП талдау қызметі хабарлады.
Статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің баға индексі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында 6,9%-ды құрады.
Атырау облысы 17,1%, Қарағанды облысы 14,0%, сондай-ақ Ұлытау облысы 12,6%-бен өнім қымбаттаған өңірлердің үштігін бастап тұр.
Ал өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға белгілеуі 4,7%-ға артқан.
Бұл салада анағұрлым қымбаттағаны гүлдер болды – 49,9%. Гүлдердің көшеті орташа есеппен 2023 жылдың 1 наурызында 387 теңгеге бағаланған.
Сондай-ақ, жаңа піскен көкөністер бағасының 10,5%-ға өсуі байқалады. Жылыжайда өскен қияр бағасы 18,9%-ға – келісіне 1 110 теңгеге дейін, қызанақ 10,6%-ға – келісіне 1 120 теңгеге дейін және пияз 10,6%-ға – келісіне 253 теңгеге дейін қымбаттаған.
Сонымен қатар, шикі сүттің де бағасы 24,6 пайызға өскен. Шикі сүт түрлері арасында қатты қымбаттағаны сиыр сүті болды 25,7%-ға артып, литріне 367 теңгеге дейін жетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: