astana-view

Астанада ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

2023 жылғы 13 Сәуір
4092 просмотров

Елордада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға 350-ден астам қонақ қатысты.

Олар ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары және басқалар.

Салтанатты жиналысты ашқан ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ведомствоның ғылыми және сараптамалық қоғамдастықпен кең көлемде өзара іс-қимыл жасай отырып, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР жаңа заңының жобасын әзірлеп жатқанын атап өтті. Ол ҒЗТКЖ-ны іргелі және қолданбалы зерттеулерден бастап өнеркәсіпке енгізуге дейін технологиялық дамытуға, ғылыми-инженерлік кадрлық әлеуетті арттыруға, жас ғалымдарға, дәрежелі ғалымдар мен академиктерге әлеуметтік жеңілдіктерді қоса алғанда, ғалым мәртебесін арттыруға, ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың зертханалық инфрақұрылымын жақсарту, бизнес үшін тартымды преференциялар мен жеңілдіктерді енгізу арқылы жеке сектордың ғылымды бірлесіп қаржыландыру көлемін және т.б. ұлғайтуға бағытталған.

«Ғылымды цифрландыру бойынша шаралар қабылдануда, «Қазақстан ғылымы» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленуде. Министрліктің мемлекет басшысының Жолдауында және сайлауалды бағдарламасында қойылған міндеттерге сәйкес қазақстандық ғылымды дамыту жолдары туралы нақты көзқарасы бар», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Сонымен қатар, жиында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов ғылымның бизнеспен өзара ынтымақтастығына тоқталды.

«Ұлттық палата және бизнес өкілдерінің бастамасымен Ғылым комитеті жанынан коммерцияландыру жөніндегі жеке ұлттық ғылыми кеңес құрылды. Сондай-ақ ғылымның бизнеспен өзара іс-қимылына жағдай жасау мақсатында Ғылым қорының Бизнес-серіктестер клубы ғылыми жобаларды коммерцияландыруға мүдделі бизнес өкілдерінің қауымдастығы құрылды. Қазіргі уақытта клубқа 180-ден астам мүше кірді», – деді Мақсат Қиқымов.

Салтанатты жиын барысында премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Н. Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы А. Аймағамбетов, Тарих және этнология институтының бас директоры З. Қабылдинов және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры С. Рахметуллина сөз сөйледі.

Отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына қосқан үлесі үшін Министр бірқатар жетекші ғалымдарға «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ведомстволық наградасын табыс етті. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар үшін ғылыми жетістіктер көрмесі ұйымдастырылды, онда қонақтар қазақстандық ғалымдардың жобаларымен танысты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер