Құрметті кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұлғалар!
2023 жылдың басынан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының аясында «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде төмендегідей екі бағыт бойынша қызметтерді жүзеге асыратынын хабарлайды:
Бірінші бағыт - Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары арқылы 18 жастан асқан кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге келесі қызметтерді көрсетеміз:
1) консультациялар беру;
2) кәсіптік және бизнес оқытуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру;
3) менторлық қызмет;
4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту;
5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
6) бизнеске шолу жүргізу қызметі;
7) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді ілгерілету және әзірлеуге қатысты қызметтер.
Екінші бағыт - «Кәсіпке бағыт» - ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында, анықталған қажеттіліктер бойынша салалық (бейіндік) оқыту қызметі көрсетіледі.
Анықтама алу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының мекенжайына барып және 1432 колл-орталық телефондары арқылы ақпарат алуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: