astana-view

2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда тұрғын үй қанша қымбаттады – «Атамекен» аналитика қызметі

2023 жылғы 14 Сәуір
3755 просмотров

2023 жылғы наурызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 24 273-ке жетті. Бұл өткен жылдың наурызындағы көрсеткіштен айтарлықтай төмен (64%-ға). Ал 2023 жылғы қаңтар-наурыз аралығында жасалған мәмілелер саны шамамен бір деңгейде қалды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП аналитика қызметі статистикалық деректерге сілтеме жасап хабарлады.

 Өңірлер бойынша жасалған мәмілелер санына сүйенсек, Алматы (4 392 бірлік) және Астана (3 664 бірлік) қаласы, сондай-ақ Қарағанды облысы (2 404 бірлік) көш бастап тұр. Осы өңірлердің үлесіне жалпы мәмілерлердің 43%-ы тиесілі.

«2022 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2023 жылдың І тоқсанында жаңа үйді сату және жабдықталған үйді қайта сатуға баға сәйкесінше 12,4% және 12,8%-ға өскен», – деп хабарлайды Аналитика қызметі.

Жаңа үйге бағаның анағұрлым өсуі мына қалаларда байқалады:

Ақтау қ. +25.9% (наурызда орташа баға 389 526 тг/ш.м);

Ақтөбе қ. +25,4% (262 076 тг/ш.м);

Павлодар қ. +19,2% (341 185 тг/ш.м).

Жабдықталған үйді қайта сатуға бағаның анағұрлым өсуі мына қалаларды тіркелген:   

 Семей қ. +39,5% (396 226 тг/ш. м);

Қызылорда қ. +38,8% (307 539 тг/ш. м);

Ақтау қ. +34,4% (388 803 тг/ш.м).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер