Қазақстандықтар табысының көп бөлігін қайда жұмсайды?
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін халықтың азық-түлікке тұтынушылық шығындарының үлесі 43,8%-дан 51,2%-ға дейін өскен. Ал ақылы қызметтерге арналған шығыстардың үлесі 23,8%-дан 18,4%-ға дейін төмендеді. Қазақстандықтар қаражатын азық-түлікке көбірек және қызметтерге аз жұмсайды, деп хабарлайды «Атамекен» аналитика қызметі.
«АҚШ-тың АШМ экономикалық зерттеу қызметінің деректері бойынша 2021 жылы «үйде тұтынылатын алкогольсіз сусындарды қоса алғанда, азық-түлікке жұмсалатын тұтыну шығындарының үлесі» көрсеткіші бойынша Қазақстан зерттеуге қатысқан 104 елдің ішінде 98-орында тұр», – деп жазады аналитика қызметі.
Осы көрсеткіш бойынша лидерлер: АҚШ (6,7%), Сингапур (8,4%) және Біріккен Корольдік (8,7%).
Сонымен қатар анти-лидерлер: Кения (56,1%), Мьянма (56,5%) және Нигерия (59,0%).
Энгель заңына сәйкес, халықтың табысы өскен сайын азық-түлік шығындарының үлесі азаяды және қызмет көрсету шығындарының үлесі айтарлықтай артады. Бұл заңдылық елдер арасында да байқалады. Ел неғұрлым бай болса, азық-түлік шығындарының үлесі соғұрлым аз болады, ал қызметтердің үлесі көбірек болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: