astana-view

Экспортқа тыйым уақытша шара – Президент АӨК-ті дамыту бойынша бірқатар міндет жүктеді

2023 жылғы 19 Сәуір
5503 просмотров

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша кеңейтілген иын  өтті. Президент Үкімет пен атқарушы органдардың алдында азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ел өндірісін ұлғайту бойынша бірқатар  белгіледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметтің баға  өсуін тежеу жөніндегі іс-қимылының жеткіліксіздігін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін Үкімет «үнемі» эскпортқа тыйым салады. Бірақ Президенттің айтуынша, шектеу шаралары уақытша ғана қолданылады, ал мәселені түбегейлі шешу керек.

«Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр. Тыйым салу және шектеу шаралары уақытша ғана әсер етеді. Мұндай қадамдар қиындықтың бетін қайтарса да, одан біржола құтылуға мүмкіндік бермейді, тіпті, мәселені ушықтырады деуге болады», - деді Прещидент.

Ұлттық палатаның АӨК департаментінің деректері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларының экспортына жиі шектеулер енгізу фермерлерге ғана емес, сондай-ақ сенімді әріптестер ретінде қазақстандық экспорттаушыларға деген сенімді төмендетеді.

«Бұл әсіресе шектеу енгізілген, кейінірек шұғыл түрде жойылған фактілерден көрінеді: 2020 жылы – пияз, қырыққабат, тұқым, 2021 жылы - сәбіз. Нарықтағы кез-келген шектеу фермерлерге кері әсерін тигізетінін білеміз. Шаруалар енді ертең нарықтық бағамен сатылмайтын өндіріспен айналысқысы келмейді. Мысалы, май дақылдары  экспортына шектеу енгізілді, демек, биыл күнбағыс егетін фермерлер аз болады», - деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Ербол Есенеев.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев нарықты отандық өніммен толтыру, өнім  өндіру факторларын арзандату мәселесін кешенді түрде шешуді тапсырды. Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешенін басқарудың қолданыстағы моделі саланың әлеуетін ашпайды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін бюджет қаражаты тиімді жұмсалуға тиіс. Мұны мұқият қадағалау қажет. 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр. Әрине, біршама жұмыс атқарылды. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бұл бағыттағы жұмысты аяғына дейін жеткізу керек.

«Үкімет алдында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бизнеске көкөніс қоймалары, көтерме-тарату орталықтарының және ауылдық сервистік-өткізу кооперативтерінің инфрақұрылымын құруға көмектесу қажет. Ең маңызды басымдық - өз өндірісімізді ұлғайту. Бір жылдан астам уақыт бұрын менің тапсырмам бойынша «Өнеркәсіптік саясат туралы»  Заң қабылданды. Ол өңдеу секторын дамытуға жағдай жасады. Оның басты тармақтарының бірі отандық кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету», – деп тапсырды Президент.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер