astana-view

Түркістан облысында колледждерге биыл 15300 грант бөлінді

2023 жылғы 20 Сәуір
- Түркістан облысы
9504 просмотров

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік  кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу бойынша комиссия отырысында айтылды. 

 

Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша биылғы жылдың ерекшелігі гранттар тұтастай республикалық бюджеттен қаралған. Шәкіртақы көлемі де өскен.

 

«Шәкіртақы көлемі де ұлғайып 30 мың теңге мөлшерінде беріледі. Студенттерге тамақтануына қосымша айына 13 мың теңгедей қарастырылған. Осы жылы бөлінген гранттарды толықтай игеруді жоспарлап, алдын ала тиісті шаралары қолға алынды. Себебі былтыр түрлі себептермен қаралған гранттар игерілмеген», – деді Бейсенбай Тәжібаев.

 

 

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының айтуынша 17 мың гранттың 6 мыңдайы кері қайтарылған.

 

«Түркістан өңіріндегі колледждерге республикалық бюджет есебінен 11 мыңнан астам грант бөлінсе, облыстық бюджеттен 6 мыңдай грант бекітілген. Жалпы 17 мың гранттың 6 мыңдайы кері қайтарылған. Осындай кемшіліктер орын алмауы үшін жұмыстарды күшейте түстік», – дейді  Дінислам Болатханұлы.

 

 

Айта кетейік, облыста жалпы 52 колледж бар. Олардың 29 мемлекеттік болса, қалған 23 жекеменшік колледждер. Өткен жылы техникалық және білім талаптарына байланысты бірқатар колледжге грант бөлінбеген.

 

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұрбол Рысбековтың айтуынша «Атамекен» ҰКП Республика көлемінде кадр қажеттілігін анықтау мақсатында саулнама жіргізген.

 

«Жылдағы үрдіске сай Республика көлемінде кадр қажеттілігін анықтау мақсатында саулнама жіргізілді. Нәтижесінде ең көп сұранысқа ие топ 10 мамандық белгілі болды, олар – агроном, есепші, заңгер, жүргізуші, мұғалім, онлайн сату менеджері, токарь, СММ менеджері, мал өсіруші, және іс жүргізуші. Түркістан облысы бойынша жалпы 2707 кәсіпорын қатысып, 1248 маман қажеттілігі анықталды.  Келесі кезекте, мамыр айында колледждерге гранттарды бөлу мәселесі қаралады», – деді Нұрбол Рысбеков.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер