astana-view

Қай өңір азаматтарға көп ақша жұмсайды

2023 жылғы 24 Сәуір
6049 просмотров

«Атамекен» аналитика қызметі 2023 жылға жоспарланған шығындар бойынша Қазақстанда лидер өңірлерді атады.

«Облыстар/республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының 2023 жылға арналған шешімдеріне сәйкес шығындардың ең көп көлемі Алматы қаласында қарастырылған. Мәселен, Алматы қаласының осы жылға арналған бюджетіне сәйкес шығындардың жалпы көлемі 1 251 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Түркістан облысы (1 152 млрд.теңге) мен Астана қаласы (749 млрд. теңге) лидерлер қатарында», – деп жазады «Атамекен» аналитика қызметі.

 Ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында (113 млрд теңге) тіркелген.

«Дегенмен өңірлік бюджеттерде қарастырылған жан басына шаққандағы шығындар бойынша Атырау облысы (бір тұрғынға 729 мың теңге), Солтүстік Қазақстан облысы (651 мың теңге) және Ақмола облысы (623 мың теңге) көш бастап тұр», – деп хабарлайды Аналитика қызметі.  

 Осы бағытта төмен көрсеткіш Маңғыстау облысы (410 мың теңге) және Қарағанды облысында  (407 мың теңге).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер