astana-view

Қазақстан кәсіпкерлері Жапонияға тағылымдамаға бара алады

2023 жылғы 25 Сәуір
4034 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында JICA ұйымының Токиодағы штаб-пәтерінің өкілі Риома Харасава және ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбековпен кездесу өтті. Кездесуде екі елдің бизнес өкілдері арасында іскерлік байланысты орнатуға бағытталған «Іскерлік байланыс» жобасы шеңберінде Жапония мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдама шеңберінде жоба ауқымын кеңейту көзделген.

 Еске салсақ, 2016 жылы Ұлттық палата Германиямен ынтымақтастық орнатып, оның аясында отандық шағын және орта бизнестің 241 өкілі тағылымдамадан өтті.

Жоба кәсіпкерлерге басқару, сыртқы экономикалық біліктіліктерді арттыру, ұқсас бейіндегі кәсіпорындардың өндірісімен танысу, технологиялар трансферті, жабдықтар сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу, франчайзинг пен лицензиялар сатып алу, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру сияқты мәселелер бойынша шетелдік әріптестермен тығыз іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлерді 2024 жылы тағылымдамаға жіберу туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Қазақстан және Жапония тараптарынан мүдделі салалар бойынша мәселелер талқыланды. ҰКП басқарма төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы сегментіне, атап айтқанда табиғи ресурстарды үнемдеуді зерделеу саласына қызығушылық танытты, сондай-ақ жапондық компаниялардың мысалында корпоративтік ілгерілеудің практикалық және нақты мысалдарын зерделеу қажеттілігін айтты. Жалпы, жаңа тәсілдер, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жобаны тиімді іске асыру мүмкіндіктері айтылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер