astana-view

Ұлытау ауданының бизнес-қоғамдастығымен кездесу

2023 жылғы 25 Сәуір
- Ұлытау облысы
8048 просмотров

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының көшпелі кеңесі Ұлытау ауданының бизнес-қоғамдастығымен кездесті.

Кеңес жұмысына қала басшылығы, прокуратура, бизнес-қоғамдастық, Аграрлық несие корпорациясының өкілдері, "Даму" қорының мамандары қатысты. Кеңесті ашқан Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков пен Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова ауыл кәсіпкерлеріне көмек көрсету үшін күш біріктіргісі келетіндерін атап өтті. Кездесу барысында аудан кәсіпкерлерін толғандыратын маңызды мәселелер талқыланды. Ауыл аймақта фермерлерге несие беру мәселесі өте өзекті. Өйткені, несие рәсімейтін кезде ауыл кәсіпкерлері кепілге қойылатын мүлікті табу қиын. Өкінішке орай, ауылдағы жылжымайтын мүлік кепіл ретінде қарастырылмайды. Осы ретте "Даму" қоры мен Аграрлық несие корпорациясының өкілдері ауыл тұрғындарын несиелендіруге қатысты балама ұсыныстарды ортаға салды. Ал, Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова облыста құрылған кәсіпкерлер палатасы бүкіл облыстың бизнес-қоғамдастығына көмек пен қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті. Кәсіпкерлердің барлық өтініштері мен ұсыныстары палата тарапынан назардан тыс қалмайды және барынша шешілетін болады.

Отырыс соңында Ұлытау ауданының әкімі мен облыстық ӨКП төрағасы белсенді кәсіпкерлерге Құрмет грамоталарын табыс етті.Сондай-ақ, Ұлытау облыстық ӨКП басшылығы мен сарапшылары жұмыс сапары барысында "Оразай" ауызсуын өндіретін және тұқы балығын өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер Хариза Әміровтың шағын өндірісіне барды. Олар өз өнімдерін Жезқазған мен Сәтбаевтың сауда нүктелеріне жеткізеді.

‐Мен өз өндірісімді кеңейтіп, кең ауқымға шыққым келеді, біздің бұлақ суы минералдардың ерекше құрамымен ерекшеленеді, оған Қазақстанда әлі баламасы жоқ, - дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жеке балабақшаға және шағын тігін өндірісіне барды.

Мұндай ұйымдардың ашылуы ауыл бизнесін қолдауға ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, осылайша ауданның дамуына ықпал етеді.

 

 





Еншілес ұйымдар

Серіктестер