astana-view

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында жаңа басшы

2023 жылғы 26 Сәуір
- Шымкент қаласы
9892 просмотров

Директор лауазымына Шымкент қаласы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарған Сабира Адамбекова тағайындалды.
Жаңа директорды Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі сайлады.
Сабира Куршидовна Адамбекова 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. "Мирас" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы жеке нотариустың көмекшісі болып бастаған.
2002 жылдан 2014 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2014-2023 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Шымкент қаласының құқықтық бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
"Атамекен" ҚР ҰКП медальдарымен, әкімдердің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер