astana-view

Сот жүйесін одан әрі реформалау мәселелері талқыланды

2023 жылғы 26 Сәуір
4837 просмотров

«Атамекен» ҰКП мамандары апелляциялық сатыдағы барлық сот үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автомат түрде анықтауды бекіту ұсынды. Осы шара арқылы облыстық соттардың судьялары аудандық деңгейде қандай да бір шешім шығаруға ықпал ете алмайтын болады.

Бұл туралы Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы  Райымбек Баталов және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен кездесуінде айтылды.

 Кездесуге Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, оның орынбасары Асылбек Мусралинов және Жоғарғы Соттың стратегиялық даму және ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің меңгерушісі Дәурен Еңсебаев қатысты.

Кездесу барысында бизнес-қоғамдастықтың кассациялық сатыны қайта форматтауға қатысты ұсыныстары талқыланды. Өйткені қазіргі уақытта азаматтық істер бойынша өтініштердің көпшілігі қарауға берілмейді.

 Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістер 2022 жылғы 1 шілдеден бастап алқалы құрамдағы сот актілерін тек қылмыстық істер бойынша ашық сот отырысында қайта қарау туралы өтініштерді алдын ала қарауға мүмкіндік берді.

Өтініштерді үш судья қарайды, қылмыстық процесс тараптарының қатысуымен сот отырысы залында жария түрде жүзеге асырылады.

 Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі алқасында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік әділет енгізілген бері үздіксіз кассация жұмыс істейді.

Осыған ұқсас тәртіп азаматтық істерді қамтымады. Сондықтан барлық өтінішті ашық сот отырысында алқалы түрде қарау қажеттігі байқалады. Бұл сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар сот ісін жүргізудің барлық түрі бойынша кассациялық қайта қарау тәртібін біріздендіруге мүмкіндік береді.

Жоғарғы сот жаңадан қабылданған түзетулермен шағын құрамды аудандық соттар төрағасының және шалғай жердегі лауазымын таратуға бастамашылық жасады. Ал облыстық соттар алқалары төрағаларын сайлау мәселелері ашық күйінде қалып отыр.

Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін сот төрелігін іске асыру кезінде апелляциялық сатыдағы барлық сот үшін азаматтық істер бойынша эксаумақтылықты автомат түрде айқындауды бекіту ұсынылады.

Ұсынылған нұсқада облыстық соттардың судьялары аудандық деңгейде қандай да бір шешім шығаруға ықпал ете алмайды, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттарға талап қою кезінде айрықша соттылық мәселелерін қозғамайды.

Жоғары Сот кеңесінің мәртебесін нығайту да маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтты. Кеңес барлық деңгейдегі судьяларды іріктеуден бастап тағайындау жөніндегі ұсынымдарға дейін нақты кадрлық функциялары бар толыққанды институтқа айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда соттарға кадр резервіне қабылдау үшін кандидатураларды қарау қажеттілігі бекітілді. Конкурсқа қатысушылар соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жалпы отырыстың қорытындысын алуы тиіс.

Кадр саясатын Жоғары Сот кеңесінің айрықша функционалына жатқызу ұсынылып отыр. Оның құрамы кемінде жартысы қоғамдық бақылауды арттыруды қамтамасыз ететін заң қоғамының өкілдерінен тұруы тиіс.

Райымбек Баталов Жоғарғы сот басшылығының ҰКП және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен экономикалық істердің қандай да бір санаттары бойынша мерзімді негізде кездесуін және мұндай істерді іріктеу өлшемшарттарын алдын ала айқындауды ұсынды.

Ұлттық палата ұсыныстарының басым бөлігі Жоғарғы Сот тарапынан қолдау тапты.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер