astana-view

Былтыр рекорд жаңарды: Қазақстан 28 млрд теңге инвестиция тартты

2023 жылғы 28 Сәуір
3868 просмотров

 Қазақстан Орта Азиядағы инвестициялар үшін ең тартымды ел болып отыр. Бұл туралы Астанада Тынық мұхиты-Еуразиялық іскерлік альянсы делегациясының қатысуымен өткен іс-шарада айтылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Қазақстанның сыртқы сауда палатасы автоматтандыру, логистика, паром, ветеринария, өндірісті тазарту, сумен жабдықтау салаларында шетелдік компаниялармен В2В кездесу ұйымдастырды. Қазақстан тарапынан «СК-Фармация» ЖШС, «Транстелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ сияқты ірі компаниялар қатысты.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестицияларды ел экономикасының өсуі үшін аса маңызды ресурс ретінде белгілеген болатын. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл жұмысқа «Атамекен» ҰКП тартылды. Бұған дейін бұл жұмысқа Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған болатын.

 «Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан 417 млрд доллардан астам инвестиция тартты. Бұл Орта Азия аймағындағы ең үлкен көрсеткіш. Мысалы, 2021 жылы еліміз шетелдік инвестициялар ағынының пандемияға дейінгі деңгейіне – 23,8 млрд долларға қол жеткізді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны рекордтық 28 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Бұл өткен жылғы көрсеткішінен 17,7%-ға жоғары. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үлкен көрсеткіш. 2012 жылы инвестиция көлемі 28,9 млрд долларды құраған», – деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Инвестициялар және маркетинг тарту департаментінің директоры Нуржан Абiлхайыр.

Сарапшының мәліметі бойынша, ел бөлінісінде тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының ең көп көлемі Нидерланды – 8,3 млрд доллар, АҚШ – 5,1 млрд доллар, Швейцарияға – 2,8 млрд доллар тиесілі болды. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай өсіп, 2022 жылы салалық инвестициялар бөлінісінде 20%-ды құрады.

 Көптеген халықаралық корпорация өз қызметін кеңейту немесе жергілікті өндірісті ашу үшін өңірдегі басым бағыт үшін Қазақстанды таңдаған. Олар еліміздің экономикасының түрлі секторларында табысты жұмыс істеп жатыр. Бүгінде шетелдік қатысуы бар 45 мыңға жуық компания Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылығын отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер